210 қазақстандық кәсіпкерлер Назарбаев Университетінде оқуын бітірді

Назарбаев Университетінде «Шағын және орта бизнестің топ-менеджерлерін оқыту» тренингтік бағдарламасының түлектеріне сертификаттарды салтанатты табыс ету рәсімі өтті. Сегіз айлық бағдарламаның түлектері Қазақстанның күллі өңірлерінен келген 210 кәсіпкер болды. Бағдарламаны Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі мен әлемде корпоративтік оқыту бағдарламаларын ұсыну бойынша бірінші орын алатын ұйым Duke Corporate Education-мен әріптестіктің шеңберінде әзірлеген.

Назарбаев Университеті қазақстандық кәсіпкерлерді оқытуды екінші жыл жалғастырып отыр. Шағын және орта бизнес топ-менеджерлері табысты бизнес құрудың жаңа моделін енгізуді оқып үйренеді, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тиімді басқару дағдыларын жетілдіреді және стратегиялық әрі тактикалық бизнес-міндеттері шешеді. Оқу бағдарламасы күндізгі тренингтерді қамтиды, онда тыңдаушылар бизнес-модельдердің негіздерін зерделейді, сондай-ақ қазақстандық мамандардың қатысуымен онлайн-семинарларға қатысады, олардың барысында қатысушылар табысты бизнес жүргізу тәжірибесімен және капиталды тарту әдістерімен танысты.

Бағдарламаның соңында тыңдаушылар өздерінің табысты бизнес-жоспарларының нұсқасын таныстырып, қорғады. Оқыту «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өтті. Тренингтік бағдарламаның тапсырыс берушісі – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті.

Бағдарламаны іске асыру елдегі кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталғандығын атап өтті. Қазақстандағы әртүрлі компаниялардың басшылары алған білімдерін өз бизнесін дамыту үшін ұтымды пайдалана алатына Назарбаев Университетінде үміт білдіреді. Сондай-ақ, бағдарламалар кеңінен танымал болғандықтан, келесі жылы тыңдаушылардың санын екі есе көбейту керек деген шешім қабылданған.

Кездесуге бағдарламаға қатысушылар мен Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің қызметкерлерінен басқа, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің, Duke Corporate Education және «Даму» КДҚ АҚ-ның өкілдері де қатысты.

18 oct_2 18 oct_3 18 oct_4

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz