2018 Жоғары білім беру көшбасшыларының VII Еуразиялық Форумы

2018 жылғы 7-8 маусымда Назарбаев Университетінде озық технологиялар заманында жоғары білім беру саласындағы инновацияларға арналған Жоғары білім беру көшбасшыларының VII Еуразиялық форумы (бұдан әрі – EHELF форумы) өтіп жатыр.

EHELF Назарбаев Университетінде жыл сайын өтетін және бүкіл әлемде жоғары білім беру көшбасшыларының алдында тұрған мәселелер бойынша пікірлермен алмасу және қызу пікірталастарға қатысу үшін білім беру саласындағы мүдделі тұлғаларды біріктіруге арналған форум. 

EHELF форумына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы               Г.Н. Әбдіқалықова, әлемнің 11 елінен келген, жоғары білімге және ерекше құбылмалы жағдайларда оның даму жолына ықпал ететін әлеуметтік және технологиялық өзгерістерді талқылайтын ғалымдар мен топменеджерлер қатысты. Сондай-ақ Назарбаев Университетінің стратегиялық әріптесі DUKE University, сондай-ақ басқа да шетелдік жоо-лар (Tsinghua University (China), Renmin University (China), The Chinese University of Hong Kong (Hong Kong), Hong Kong University (Hong Kong), University Politehnica of Bucharest (Romania), American University of Central Asia (Kyrgyzstan), Ural Federal University (Russia), Zayed University (UAE), University of New York in Buffalo (USA),  Higher School of Economics (Russia), University of New South Wales (Australia) және т.б. қатысты. 

 EHELF форумының қатысушылары мен қонақтарының алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу құттықтау сөз сөйледі.

EHELF форумының қатысушылары озық технологиялардың шеңберінде жоғары білімді жаңғыртуға байланысты мәселелерді; Назарбаев Университеті Мектептеріне озық технологиялардың ықпалын; дағдыларды дамыту мен ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізудегі жоғары білім беру орындарының рөлін; озық технологиялардың нақты ғылымдарға ықпалын; озық технологиялардың әлеуметтік ғылымдарға ықпалын; озық технологиялардың Орталық Азияға ықпалын; университеттерде енгізілген үздік тәжірибелерді талқылады. 

Сондай-ақ EHELF форумының шеңберінде Назарбаев Университетінің тәжірибесін трансляциялау бойынша сессиялар өткізіледі, НУ-дың түрлі департаменттері мен мектептерінің өкілдері ЖОО-лардың оқытушы-профессорлар құрамымен, әкімшілік персоналымен және Қазақстанның рейтингтік агенттіктерінің өкілдерімен академиялық бағдарламаларды әзірлеу, академиялық персоналды іріктеу процесінің негізгі аспектілерімен және басқа да мәселелер бойынша тәжірибемен алмасатын болады.

Сонымен қатар EHELF форумы барысында Назарбаев Университетінің Технопаркі базасында іске асырылған  инновациялық эко-жүйені дамыту саласындағы Назарбаев Университетінің тәжірибесімен таныстыратын Назарбаев Университеті Инновациялық кластерінің Astana Business Campus «Create.Innovate.Disrupt.» атты көрмесі ұсынылды.