2018-2019 академиялық оқу жылына Назарбаев Университетінің «Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасына құжаттарды қабылдайды

2018-2019 академиялық оқу жылына  Назарбаев Университетінің «Магистратура  бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасына  құжаттарды қабылдайды.

Дайындық бағдарламасында күндізгі оқу нысаны көзделеді, ол 2018ж. тамыз-қыркүйегінен басталып, тоғыз ай ішінде жалғасады, ал оқыту университеттің кампус аумағында өтеді. Тиісті талаптарға сай кез-келген адам түсуге мүмкідігі бар.

Бағдарламаның мақсаты Университеттің магистратура бағдарламаларының әлеуетті студенттердің тілдік даярлау сапасын арттыру және одан әрі  магистратура бағдарламаларында табысты оқытуын қамтамасыз ету үшін олардың ғылыми-зерттеу, коммуникативтік және басқа да қажетті дағдыларды дамыту болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін сізге келесілер қажет:

1)  admissions.nu.edu.kz сайтында өтініш беретін магистратура бағдарламасының қабылдау ережесімен танысу;

2) Жалпы балы — 5.5 IELTS сертификатын беру, бұл ретте тек бір критерий бойынша ғана ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес кем дегенде 5.0 немесе  TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет.

Бағдарламаны сәтті аяқталған жағдайда сіз өтінім берген және ол бойынша әңгімелесуден өткен Университеттің магистратура бағдарламасының студенттері боласыз.

Сонымен қатар, қосымша сұрақтар  бойынша  nuzyp.admissions@nu.edu.kz электронды поштасына хабраласып, www.admissions.nu.edu.kz сайттарынан ақпарат алуға болады.

Ақпарат алу үшін: Tел.: 8(7172) 70 65 55

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі:

Мектеп/бағдарлама

22 сәуір, 2018 ж.

Жоғары бизнес мектебі

Қаржы саласындағы ғылымдар магистрі

20 сәуір, 2018 ж.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Мемлекеттік саясат магистрі

Мемлекеттік басқару магистрі

30 сәуір, 2018 ж.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі

Экономика саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі

Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі

30 сәуір, 2018 ж.

Жоғары білім беру мектебі

Білім беруді басқару саласындағы ғылымдар магистрі

Көптілді білім беру саласындағы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар магистрі

11 мамыр, 2018 ж.

Инженерия мектебі

Инженерлік менеджмент магистрі

14 мамыр, 2018 ж.

Медицина мектебі      

Медицина докторы

Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі

Молекулярлық медицина магистрі

30 мамыр, 2018 ж.

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі

Тау-кен ісі саласындағы ғылымдар магистрі

Мұнай-газ саласындағы ғылым магистрі

1 маусым, 2018 ж.

Ғылым және технологиялар мектебі

Математика саласындағы ғылым магистрі

Физика саласындағы ғылым магистрі

Робот техникасы саласындағы ғылым магистрі

Компьютерлік ғылымдар саласындағы ғылым магистрі

Биологиялық ғылымдар саласындағы ғылым магистрі

1 маусым, 2018 ж.

Инженерия мектебі

Химиялық инженерия және материалдар технология саласындағы ғылым магистрі

Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы ғылым магистрі

Құрылыс және қоршаған орта инженерия саласындағы ғылым магистрі

Электротехника және компьютерлік инженерия саласындағы ғылым магистрі