2012-2013 оқу жылына Назарбаев Университетіне 4178 талапкер тіркелді

Өтінімдер Қазақстанның барлық өңірлерінен және басқа елдерден келіп түсті. Бұл ретте, тіркелген үміткерлердің 21,8% – астаналықтар, 18,7% – алматылықтар, 8%-ға жуығы – Оңтүстік Қазақстан облысынан. Ең аз тіркелгені – Маңғыстау (1,6%), Қостанай (2%) және Солтүстік Қазақстан облыстарынан (2,1%). Сонымен қоса, 45 өтінім басқа елдерден түсті.

Таңдаған факульттердің тізімінде бірінші орын алытп отырған – 38,7% талапкер таңдаған Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (пәндік емтихандар: математика және сыни тұрғыдан ойлау); Инженерия мектебі (математика және физика) – 30%; Ғылым және технологиялар мектебі (математика және физика, химия және биология) – 20,6%. Премедициналық бағдарламаға 10,5% талапкер тіркелді. 4178 талапкердің ішінде – 2158 қыз және 2020 жігіт.

Таяуда университет сайтында ағылшын тілінен BCEPT атты бірінші емтихан өткізу кестесі шығады. Сонымен қоса, биыл Назарбаев Университеті Университет Foundation бағдарламасы бойынша оқытуды жүргізбей-ақ, студенттерді бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға қабылдайтын болады. Бұл талапкерлерді қабылдау ережелері мен онлайн-тіркеу туралы да ақпарат Университет сайтында ашылады.
2011 жылы Назарбаев Университетіне 4247 талапкер тіркелді, олардың 501 Университет студенттері болып, оқуды ағымдағы жылдың күзінде бастады. 2012 жылы Қазақстан азаматтары үшін Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасында оқуға тағы да 500 мемлекеттік грант бөлінуде.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706087, 706091, 706089
pressa@nu.edu.kz