197 қазақстандық Назарбаев Университетінде бакалавриат бағдарламасына тікелей түсуге немесе басқа жоғары оқу орындарынан ауысуға талпынып отыр

Барлығы 173 (былтырғы жылы – 171) адам  Университеттің Дайындық орталығына (Foundation бағдарламасы) түспей-ақ,  тікелей Университеттің бакалавриат бағдарламасына оқуға түсуге ниет білдірді. Олардың ішінде – 119 қазақстандық мектептерінің түлектері, 43 республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары және 7 адам әлемнің жоғары оқу орындарында Foundation бағдарламасын үздік бітіріп үміткер болып отыр.
Сонымен қатар, 24 талапкер (2012 жылы 28 үміткер болатын) Назарбаев Университетіне басқа жоғары оқу орындарынан ауысуға ниет білдірді. Олардың ішінде – 17 қазақстандық университеттің студенттері және 7 шетелдік оқу орындарының студенттері, сондай-ақ  A-level (жоғары оқу орында оқуға халықаралық дайындық бағдарлама) сертификатының 4 иегері.
Үміткерлер өз білімін  дайындық деңгейіне және университеттің әр мектебіндегі бос орындарға сәйкес, Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларының 1 немесе 2 курсында оқуларын жалғастыра алады.
Бүгін Назарбаев Университетінде 1 500-ге  жуық студенттер оқиды. Бакалавриат бағдарламалары бүгін Назарбаев Университетінің үш мектебінде: Инженерия мектебінде, Ғылым және технологиялар мектебінде, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде ұсынылады. Былтыр Назарбаев Университеті 29 студентті оқуға тікелей қабылдап, оның ішінде екі студент Алматы мен Петропавл қалаларындағы жоғары оқу орындарынан ауысты.

apkecm.nu.edu.030719

Назарбаев Университетінің  Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706087, 706089, 706191, 706618
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz