Бүгін  Қазақстан Республикасының жаңа Премьер-Министрі Серік Ахметов Назарбаев Университетіне келіп, Университеттің қызметімен танысты. Премьер-Министрмен бірге ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмагұлов келді.  

Делегацияны Назарбаев Университетінің Ректоры Шигео Катсу, Атқарушы кеңестің төрағасы Аслан Сәрінжіпов,  Атқарушы кеңес төрғасының бірінші орынбасары Мақсат Мамашев және Атқарушы кеңес төрғасының орынбасары Қадиша Даирова қарсы алды.

Жоғары мәртебелі қонақтарға Университеттің инфрақұрылымын дамыту макетінің таныстырылымы өткізілді және  Назарбаев Университетінің мектептері мен орталықтары туралы жалпы мәлімет берілді.

Іссапар барысында Премьер-Министр Ғылым және технологиялар мектебінің ғылыми-зерттеу зертханаларында, Инженерия мектебінде, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде, Қазақ тілі кафедрасында және Кітапханада болды.

Инженерия мектебінің зертханаларында Премьер-Министрге Назарбаев Университетінің студенттері мен ғалымдары жұмыс істейтін 3D принтері мен роботтардың құрамдық бөліктерін шығаратын өзге де заманауи құрал-жабдықтар көрсетілді.

Университет бойынша таныстырылым турынан кейін Серік Ахметов Құрметті қонақтар кітабына қолын қойды және Назарбаев Университетінің студенттеріне  ізгі ниетпен өзінің тілектерін білдірді.

27 oct_2 27 oct_3

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706191
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz