Ғылым және технологиялар мектебінің “Декан тізімі” марапаттау рәсімі өтті

2018 жылдың 8 ақпанында Назарбаев Университетінің жаңа атриумында Ғылым және технологиялар мектебінің «Декан тізімінен» студенттерді марапаттау рәсімі өтті. 120 бакалавриат бағдарламасының студенттері мен 20 магистратура бағдарламасының студенттері факультет деканы Василий Турасистің және вице-декан Михаэль Льюистің қолынан сертификаттар алды.

Салтанатты жиын Ғылым және технологиялар мектебінің деканы Василийос Турасистің сөзімен басталды.

– Биылғы жылы оқушылардың үлгерімі әдеттегіден жоғары болды – 140 студент «Декан тізімінен» орын алды. Одан басқа, олардың 30-ында ең жоғары академиялық балл – 4,0 болды, – дейді доктор Василиос Турасис.  

Кейінірек физика кафедрасының меңгерушісі Василийос Кованис, компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Аднан Язычи және профессор Гонзало Хап Хортелано құттықтау сөз сөйледі. Василийос Куванис Физика кафедрасының үш студенті Колумбия жоғары мектебіне, Мичиган университетіне, Пердью Университетіне магистратура бағдарламасына шақырылғаны туралы жақсы жаңалықпен бөлісті.

  • Мен оларды мақтан тұтамын. Салауатты бәсекелестік студенттерді ілгерілетеді. Біз командалық рухты сақтағымыз келеді, сондықтан біз бәрін жігерлендіруге және ынталандыруға тырысамыз», – деді Василийос Турхасис рәсім соңында.

Студеннтер оқуға көп уақыт бөлетініне қарамастан, олардың көбісі басқа да істермен айналысуға үлгеретіндерін көрсетуде. Мысалы, ҒТМ-ның 4-курс студенті Эльвира Әбжанова университеттегі оқуын National Laboratory Astana-дағы ғылыми жұмысымен біріктіреді. Ол үш жоба бойынша жұмыс істейді, олардың екеуі ми ауруларына байланысты: Альцгеймер ауруы және инсульт, ал үшінші жобасы обыр ауруын зерттеуге байланысты. Ол хирург болуды қалайды және Назарбаев Университетінің Медицина мектебіне түсуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Эльвира қоғамдық жұмыстармен айналысады. Ол «Балаларды дамыту қоры» коммерциялық емес ұйымының мүшесі. Ұйымның қызметі балалардың білімін ілгерілетуге және халықтың осал топтары үшін білім беру саласындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған. Аптасына бір рет ол балаларға ағылшын тілі мұғалімі ретінде жұмыс істейді. Жақында Эльвира «Жылы қыс» қайырымдылық жобасына қатысып, оның барысында аз қамтылған отбасылардағы балаларға дәрі-дәрмектермен, киім-кешекпен және басқа қажетті заттармен көмектесті.

Екінші курс студенті Сабина Сағынбаева декан қолынан алғаш рет марапат алды. Университетті бітіргеннен кейін ол оқуын жалғастыруды және физика саласында Доктор дәрежесін алуды жоспарлайды. Сабинаның айтуынша, оның мамандығында қызар көп емес, бірақ ол қыздардың ғылымның дамуына елеулі үлес қоса алатынына сенеді. Сонымен қатар, оның пікірінше, ҒТМ-да өзара бәсекелестік емес, өзара көмек орын алуда.

Бос уақытында Сабина би билейді. Ол үшін би – психотерапияның бір түрі: ол күйзелісті жоюға және барлық мәселелерді ұмытуға көмектеседі. Ол сондай-ақ музыкамен айналысады: барабандар мен фортепианода ойнайды.

«Декан тізіміне» семестр бойы үздік үлгерімін көрсеткен,  академиялық орташа балы 3.75-тен төмен емес студенттер кіреді.