12 қаңтарға дейін Назарбаев Университетіне 12 мемлекеттен 2468 талапкер тіркелді

Өтінімдер Қазақстанның барлық өңірлерінен және басқа елдерден келіп жатыр. Бұл ретте, тіркелген үміткерлердің 21,5% – астаналықтар, 18,9% – алматылықтар, 8%-ға жуығы – Оңтүстік Қазақстан облысынан. Сонымен қоса, 21 өтінім АҚШ, Алжир, Армения, Ауғанстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Нигерия, Өзбекстан, Ресей Федерациясы мен Франция елдерінен түсті.

Таңдаған факульттердің тізімінде Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (пәндік емтихандар: математика және сыни тұрғыдан ойлау), Инженерия мектебі (математика және физика), Ғылым және технологиялар мектебі (математика және физика) бірінші орын алып отыр. 2468 талапкердің ішінде – 1297 қыз және 1171 жігіт.

Назарбаев Университеті 2012 жылы Университет Foundation бағдарламасы бойынша оқытуды жүргізбей-ақ, студенттерді бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға қабылдайтындығын естеріңізге салады. Бұл талапкерлерді қабылдау ережелері мен онлайн-тіркеу жаңа жылда Университет сайтында ашылады.

2011 жылы Назарбаев Университетіне 4247 талапкер тіркелді, олардың 501 Университет студенттері болып, оқуды ағымдағы жылдың күзінде бастады. 2012 жылы Қазақстан азаматтары үшін Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасында оқуға тағы да 500 мемлекеттік грант бөлінуде.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706087, 706091, 706089
pressa@nu.edu.kz