Спорттық абонементтер

Назарбаев Университетінде барлық спорт үйірмелерге, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру кешендері абонемент режимінде жұмыс істейді.

      

Студенттерге арналған абонемент

Кіру абонементі – Атлетикалық және Спорт орталығында нұсқаушысыз жаттығулар немесе Спорт клубындағы сабақтар үшін ай сайынғы абонемент: 500 теңге / 1 айға

Спорттық ғимараттарға кіру тек жеке НУ ID-карталары мен жарамды абонементі бар қонақтар үшін ашық. Спорт Орталығына немесе басқа спорттық ғимараттарға барған кезде өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды ұмытпаңыздар.

Баршаға арналған спорт

Назарбаев Университеті барлық азаматтар үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасауға тырысады.

– Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ерекше мұқтаждықтарын ескере отырып, жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін университеттің Атлетикалық орталығының бассейніне тегін кіру қамтамасыз етіледі.

– Әр сенбі сайын сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін қыздарға жүзу үшін арнайы сағаттар бөлінген.

Толық ақпаратты Атлетикалық орталықтың ресепшенінен reception_35@nu.edu.kz электрондық адресінен немесе +77172706696 номеріне қоңырау шалып алуға болады.

Абонемент немесе басқа мәселелер бойынша ақпарат алу үшін төмендегілерге хабарласыңыз:

Атлетикалық орталығының администраторы – reception_35@nu.edu.kz

Спорттық ғимараттарға кіру тек жеке НУ ID-карталары мен жарамды абонементі бар қонақтар үшін ашық. Спорт Орталығына немесе басқа спорттық ғимараттарға барған кезде өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды ұмытпаңыздар.