Ішкі спорттық іс-шаралар

Назарбаев Университеті НУ қауымдастығына ішкі спорт жарыстарына қатысуға және ұйымдастыруға мүмкіндік беретін кең ауқымды мүмкіндіктерді ұсынады.

Осы іс-шараларға жыл сайынғы университет ішінде өтетін футбол, баскетбол, волейбол, теннис, үстел теннисі, қол күрес, дзюдо, бокс, пейнтбол, зияткерлік ойындар және басқа да көптеген спорт түрлері бойынша чемпионаттар жатады.

Жыл сайын өткізілетін ішкі іс-шаралар тізімі:

Спорттық жарыстар мен іс-шаралар

  • Күзгі семестр
  • NUFYP үшін ішкі ойындар (баскетбол 3х3, футзал, волейбол)
  • Үстел теннисі бойынша НУ-дың ішкі чемпионаты
  • Теннис бойынша НУ-дың ішкі чемпионаты
  • Қызметкерлерге арналған ішкі ойындар (баскетбол, футзал, волейбол, үстел теннисі)
  • Футзал бойынша НУ-дың ішкі лигасы (студенттер мен қызметкерлер үшін 3 бөлімше) – НУ ішіндегі ең үлкен жарыс. НУФЛ NUFL IMLeagues платформасы арқылы бақыланады.

Көктемгі семестр

  • Футзал бойынша НУ-дың ішкі лигасы (студенттер мен қызметкерлер үшін 3 бөлімше)
  • Жекпе-жек (күрес және бокс) бойынша ішкі турнирлер
  • Наурыз мейрамына арналған ұлттық ойындар (армрестлинг, арқан тарту, гір тасын көтеру)
  • NUFYP студенттеріне арналған үстел теннисі бойынша ішкі чемпионат
  • Студенттер үшін «Winter Games» қысқы ойындары

Ішкі спорттық шаралар туралы қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыздар:

СІЖД спорттық өмір жөніндегі маман – Алинур Мирасов, тел.: +7 7172 704 542 пошта: amirassov@nu.edu.kz, nuathletics@nu.edu.kz.