Спорттық өмір

Спорт Назарбаев Университетінде студенттік өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Біз студенттерге белсенді өмір салтына деген ұмтылыстарына қолдау көрсетіп, әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысу мүмкіндігін береміз. Тұрақты спорттық іс-шаралармен қатар денсаулыққа пайдалы жаттығулармен қатар, спортпен шұғылдану студенттердің көшбасшылық қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын дамытады, сондай-ақ студентті қоғам өміріне және ұзақ мерзімді достық қарым-қатынас орнатуға дайындайды.

Рекреациялық спорт

Назарбаев Университеті НУ қауымдастығына спортпен шұғылданудың кең мүмкіндіктерін ұсынады. Студенттер мен қызметкерлер спорттық секцияларда тәжірибемен алмасып, спорт клубтарының іс-шараларына қатысады, түрлі спорттық іс-шараларға ұйымдастырушылық тұрғыдан және т.б. көмектеседі.

Атлетикалық бағдарламалар

Назарбаев Университеті спортпен айналысатын студенттерге университетаралық жаттығулар мен жарыстарда және қала, ел және әлем деңгейінде өтетін әуесқой лигаларда, чемпионаттар мен басқа да спорттық іс-шараларға қатысуға қолдау көрсетеді.

Біздің @nuathletics инстаграмға жазылыңыз.