Психологиялық консультация беру орталығы
Психологиялық консультация орталығының (ПКО) қызметкерлері Университеттің студенттеріне, оның ішінде Дайындық мектебінің, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының студенттеріне психологиялық денсаулықты нығайту бойынша психологиялық және консультациялық көмек көрсетеді. Біздің психологтар студенттердің денсаулығына, көңіл-күйіне немесе оқу нәтижесіне кедергі келтіретін кез келген проблемаларды студенттердің өздері зерттей алатын қауіпсіз және құпия ортаны ұсынады. Кең таралған мәселелер: өзара қарым-қатынастар, күйзелістер, өзін-өзі бағалау, адамның сыртқы келбеті және т.б. Сондай-ақ ПКО-ға жабығу, үрейлену, қазаға ұшырау, тәуелділік, тағы да басқа көптеген мәселелермен жүгінеді.
Көрсетілетін қызметтер:
- Жеке және топтық консультация беру
- Өз балаларының жағдайы туралы алаңдайтын ата-аналарға консультация беру
- Психологиялық диагностика
- Түрлі тақырыптар бойынша тренингтер және семинарлар өткізу
Психологтың консультациясына жазылу үшін студенттік порталда (my.nu.edu.kz) «Consultation» онлайн сервисін таңдаңыз.
Сондай-ақ YouTube сайтында NU Counseling арнасында НУ психологтары мен студенттері студенттерге жақсы жағдай туғызуға себеп болатын тақырыптарға қатысты әңгімелеседі.
Өткізілетін тренингтер мен семинарлар туралы ақпарат студенттерге электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма күндері сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін
Психолог-консультанттар:
Яковенко Ольга | Назира Саугабаева | Ерден Нуртаев |
Ольга Журавлева | Жанмурзина Алина | Руфия Омарова |
Наталья Нестеренко | Темирлан Ещанов | Аида Уразалинова |
Маржан Шаяхметова |
Шұғыл жағдайларда және жұмыс емес уақытында мына телефондар арқылы хабарласуға болады:
+7 (7172) 27-38-28 (тәулік бойы) тек Назарбаев Университетінің студенттеріне арналған жедел психологиялық көмек
54-76-03 (тәулік бойы) Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығының психологы
150 (тәулік бойы) Республикалық бірыңғай психологиялық қызмет.