Студенттік клубтар

AD4FXpUaUSk      -h7trLGERMU      DSC_0845

Назарбаев Университет кампусында әр түрлі интеллектуалдық даму салаларында, оның ішінде ғылым және зерттеу саласы, мамандықтар бойынша клубтар, шығармашылық және ойын-сауық клубтары, азаматтық қоғам, қайырымдылық, мәдениет, театр және спорт салаларына баулитын 100-ден астам студенттік клубтар мен ұйымдар жұмыс істейді.

Студенттік клубтар студенттерге өз идеяларын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Студенттік клубтарға баулу студенттерге, академиялық және академиядан тыс тәжірибелердің арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын клубтарды өздері басқару жолымен, олардың санаткерлік және көшбасшылық қабілеттерін кеңейтуге мүмкіндік береді.  Студенттік клубтарда қатысу көптеген артықшылықтар береді: жаңа достар табуға, жаңа дағдыларды дамытуға, командада жұмыс істеуге, мақсат қоюға және оған жете білуге, шығарамылықты дамытуға, сондай-ақ уақытты қызықты және көңілді өткізуге мүмкіндік береді.

Шығармашылық және мәдениет

BrFLeQcYzUo

Назарбаев Университеті студенттердің шығармашылық әуелетін дамытуға көптеген мүмкіндіктер мен жағдайлар ұсынады. Университетте студенттердің өнерлерін көрсету және ойнап үйрену үшін қажетті музыкалық құралдардың, фортепианодан бастап барабан жүйесіне дейінгі, алуан түрі бар. Көркемөнер клубтарына кіруге қызықшылық танытатын студенттер, мұндай клубтардың ішінде көркемөнер студиясы, театр клубы, студенттік хоры, оркестрі, ән айту клубы, би клубы және де басқа да көптеген клубтарды таңдай алады. Мұнан басқа, студенттер тіл клубтарының мүшесі бола алады, мұнда оларды тек қана басқа тілді үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, өзге мәдениеттер жайлы көптеген мағлұмат алады.

Білім беру

AfMxtnUMMGE

Назарбаев Университеті студенттердің білім беру студенттік клубтарына қатысуын толықтай қошеметтеп отырады. Университетте студенттердің факультеттік базадағы студенттік клубтарға (студенттердің бухгалтерлік есеп пен аудит клубтары, студенттердің әлеумет және антропология ассоциациасы, робот техникасы клубы, экономика көшбасшыларының бірлестігі, студенттердің саясаттану ассоциациасы), халықаралық студенттік клубтарға (SPE, ACM, AIChE, IEEE, СИАМ, ISPOR), іздестіруге бағытталған клубтарға (iGEM, Экокөлік құралдары клубы, жасыл технология мен инновациялар клубы) және де басқа клубтардғ қатысуға кең мүмкіндіктері бар.

Көңіл көтеру мен медиа

VIU3fOEPfH0

Көптеген студенттің клубтар көңіл көтеру шараларымен шұғылданады, студенттерге арнау, Назарбаев Университетінің марапаттау рәсімі, университеттің әр жылдық балы, университет суперстары, жоғары курстардың концерті, КВН және т.б. сияқты Назарбаев Университеті студенттерінің дәстүрлі мерекелерін ұйымдастырады және оларға қатысады. Студенттер университеттің акустикалық кеш, қазақ мифология фестивалін мерекелеу, NU Perceptions музыкалық және көркемөнер клубы және басқа да көптеген бірегей шараларға белсенді қатысады. Сонымен қатар, университетте радиостанция жұмыс істейді, Basta студенттік газеті, NU Image фотографтар клубы және кинотеатр бар.

Қайырымдылық шаралары

g8uVl8oFZFY

Назарбаев Университеті бірлестігі студенттердің, қоғамдастық тарапынан кең қолдау табатын, университеттегі қайырымдылық ic-шараларға қатысуын қолдайды. Қайырымдылық клубтар азық-түлік заттарын сату жәрмеңкесін, университеттегі киімдер мен заттар сатылымын жүргізеді. Сонымен қатар, университетте студенттер ашқан әлеуметтік кафе қызмет етеді. Қайырымдылық клубтардың ішінен Балалар Қайырымдылық Клубы, Қызыл Жарты Ай Қоғамы, қайырымдылыққа арналған өнер клубын таба аласыз. Олар мұқтаж жандарға бағалы көмек көрсетуге мүмкіндік жасайды.

Студенттік даму

UjogArZjoUs

Назарбаев Университетінде студенттер ұйымдарының даму саласындағы кең аясы бар. Студенттік клубқа кіргеннен кейін әрбір студенттің жеке және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндігі бар. Мысалы, студенттік NU NOMAD дебат клубы, онда сайыстар 3 тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі. Toastmasters NU клубы коммуникациялық және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. NU Case Club, Интеллектуалды клуб сияқты студенттік клубтар бизнес, консультация, дағдарыстарды шешу және сыни талдау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, Назарбаев Университетінде ішкі ғана емес, сондай-ақ республикалық деңгейдегі іс-шараларды керемет өткізуге ықпал ететін волонтерлар бірлестігі жұмыс істейді. Сондай-ақ, Университетте қоғамның дамуына, жобаларды басқаруға, көшбасшылықтың дамуын қамтамасыз ететін көптеген клубтар бар (Жастар Парламенті, Enactus, AIESEC, LIFT, MUN және т.б.).