Денсаулық сақтау мен Қауіпсіздік

       

Назарбаев Университеті келіп кетушілер, студенттер, оқытушылар мен жұмысшыларды қауіпсіз әрі оңтайлы ортамен қамтамасыз етуге міндеттенеді.Денсаулық және қоршаған ортаны сақтау мен қауіпсіздікті орнату аясында жоғары деңгейдегі халықаралық және мемлекеттік заң талаптарына сай жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Денсаулық сақтау мен Қауіпсіздік

Жұмысшылар жұмысқа орналасу және студенттер Университетпен танысу аптасы кезінде денсаулық сақтау мен қауіпсіздік нұсқамасынан өтуі тиіс. Нұсқама жалпы ақпарат, денсаулық сақтау мен қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және басқа тәртіптер жайлы арнайы мағлұматтарды қамтиды. Сонымен қатар денсаулық сақтау мен қауіпсіздік нұсқамасы лабораторияда жұмысты бастамас алдында міндетті түрде қосымша өткізіледі.

Барлық ғимараттар автоматтандырылған өрт дабылы жүйесімен және қарапайым өрт құралдарымен (түтін детекторлары, су сепкіштері, өрт сөндіргіш, өрт құбыршегі) өрт ошағын анықтау және алдын алу мақсатында жабдықталған. Сонымен қатар ғимараттарда және олардың ауласында спирттік ішімдіктер ішу мен шылым шегуге және электронды темекіні қолдануға қатаң тыйым салынады. Төтенше жағдайларға дайындық мақсатында, ғимараттан арнайы жедел эвакуациялану жаттығулары жыл сайын өткізіледі.
Әр денсаулық сақтау және қауіпсіздікке байланысты мәселелер жетекшіге хабарланып талқылануы қажет және қосымша деректер hse@nu.edu.kz электронды адресіне қажетті қосымша шаралар қолдану үшін жіберілуі тиіс. Төтенше жағдай немесе өрт кезінде Университет телефоны + 7 (7172) 70 62 62 немесе 101 телефондарына көмек және хабар беру үшін қоңырау шалынуы тиіс.

Денсаулық

Халықтың эпидемиялогиялық қал жағдайын бақылау және жұқпалы аурулардың таралуын уақытылы алдын алу және болдырмау мақсатында жыл сайын міндетті медициналық тексеру өткізіледі. Студенттер, оқытушылар және жұмысшылар денсаулық сақтандыру қызметтерімен қамтылады. Сонымен қатар студенттерге кампустағы дәрігерге қаралу мүмкіндігі қарастырылған.

Қоршаған орта

Университет табиғи ресурстарды пайдалануды оптимизациялау және қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендетуді көздеуде. Осы жұмыс аясында және дүниежүзілік климаттың өзгеруін тоқтатуға ат салысу мақсатында Университет Green Campus атты іс-шарасын өткізуде. Назарбаев Университеті ауласында арнайы контейнерлерге қайта пайдалануға жарамды қоқыстарды бөлек жиыстыруда. Сонымен қатар бір рет қана пайдалануға жарамды пластиктен жасалған ыдыстардың орнына шыны ыдыстарды пайдалану қолдау табуда.

Қоғамдық қауіпсіздік 

Қауіпсіздік шаралары аясында Университет аумағы кіру пунктерімен жабдықталған және кіру үшін NU ID карточкаларын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар Университетке келіп кетушілер +7 (7172) 70 62 56 телефонына немесе security@nu.edu.kz электронды адресіне берілген өтініш арқылы кіре алады. Басқа келіп кетушілер Университет аумағына кіре берісте төлқұжаттарын көрсетіп тіркелу арқылы кіре алады.
Университет аумағына автокөліктер үшін 3 және жаяу жүргіншілер үшін 2 кіреберіс бар. Жеке меншік автокөліктер тек автотұрақ рұқсатнамасы болған жағдайда ғана сонымен қатар рұқсатнамасы бар таксилер ғана Университет аумағына кіре алады.
Қауіпсіздік шараларына қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қауіпсіздік Істері Жөніндегі жетекшісі alibek.abdullayev@nu.edu.kz электронды адресіне жазу арқылы немесе + 7 (7172) 70 64 07 телефонына қоңырау шалу арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.