Саясат және рәсімдер

артқа

Жалпы ақпарат. Назарбаев Университеті оқытушы-профессорлар құрамына толық жабдықталған тұрғын үй ұсынады.

НУ тұрғын үйді келесі критерийлерге сүйене отырып бөледі:

  • Тұрғын үй қорында бос орынның болуы;
  • Қызметкердің отбасы мүшелерінің саны;
  • НУ-мен жасалған келісімшарттың ұзақтығы;
  • Қызметкердің лауазымы.

Қызметкерлердің қалауы ескеріледі, алайда кепілдік берілмейді.

Жиһаз және тұрмыстық техника. Ұсынылатын тұрғын үй жиһазбен қамтамасыз етілген және келесі тұрмыстық техника бар: плита, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, микротолқынды пеш, шаңсорғыш. Бұдан басқа, төсек орын және сүлгілер беріледі.

Техникалық қолдау қызметі. Техникалық өтінімдер бойынша servicedesk@nu.edu.kz хабарласыңыз. Қызмет көрсететін техникалық персонал төтенше жағдай болған жағдайда, күзеттің қатысуымен, немесе жұмыс уақытында тұратын адамның сұрауы бойынша және оның  келісімімен жөндеу жұмыстары немесе техникалық жұмыстар үшін пәтерге кіруге құқылы.

Қаржылық міндеттемелер. Тұратын адам үй жануарлары келтірген кез келген залалды қоса алғанда, үйдің бастапқы жай-күйіне және мүлкіне меншік иесі-компания бағалаған қалыпты тозудан асатын залал үшін қаржылық жауапты болады.

Коммуналдық қызмет. Электр энергиясын, жылумен және сумен жабдықтауды, қалдықтарды кәдеге жаратуды, лифтілерге қызмет көрсетуді, жалпы пайдаланудағы орын-жайларды жиыстыруды қоса алғанда, коммуналдық қызметтер тұру құнына кірмейді және жалға алушы ай сайын төлейді.

Депозит / Кепіл. Назарбаев Университетінде корпоративті тұрғын үйді ұсыну ережесіне сәйкес тұрғын үйге сақтандыру депозитін резидент төлеуі тиіс. Депозит тұрғын үйге орналастыру шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілі ретінде енгізіледі және қайтарылуға жатады.

Үй жануарлары болғанда депозит. Пәтерде болатын әрбір жануар үшін депозит сомасынан 50% қосымша депозит төленеді.