Институционалды зерттеулер Форумы

Форум туралыТіркелуСпикер болыңыз!СауалнамаБіз туралыПайдалы ақпарат
    • Жаһандық ауқымда деректерге жаппай қол жеткізудің және оларды өңдеудегі жаңа технологияларының пайда болуына байланысты жоғары білім беру трансформация кезеңін бастан өткеруде. Деректер негізінде шешім қабылдауды жүзеге асыратын білім беру мекемелері студенттердің, оқытушылардың және тұтастай алғанда мекеменің қажеттіліктері туралы терең түсінік алады. Форум Қазақстандағы жоғары оқу орныдарында деректердің қалай қолданылып жатқандығы және академиялық сапаны қолдау, институционалдық жоспарлау мен шешім қабылдау үшін деректерді қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы пікірталастарды ынталандыруға бағытталған. Форум қатысушылары Қазақстандағы жоғары білім беру саласының қазіргі таңдағы жағдайы мен даму тенденцияларын, сондай-ақ деректерді талдаудың түрлі механизмдерін пайдалану мүмкіндігі мен жұмыс орындарында деректермен жұмыс істеуге негізделген аналитикалық мәдениетті қалыптастыру туралы талқылай алады.

КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?

    • Форум білім беру саласындағы төменде берілген қызметтерді атқаратын мамандар үшін құнды платформа болады: • деректерді жинау және талдау; • ішкі және сыртқы есептілік үшін деректерді ұсыну; • академиялық сапаны қамтамасыз ету және арттыру, саясатты әзірлеу, сондай-ақ жоспарлау үшін деректер мен ақпаратты даярлау мен қолдану. Сонымен қатар, форумға қатысуға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері шақырылатын болады.

ФОРУМДА ҚАМТЫЛАТЫН МҮМКІН ТАҚЫРЫПТАР:

    • • Мүдделі тараптарды және олардың шеші м қабылдауға қолдау көрсетуге қатысты қажеттіліктерін/сұранымдарын анықтау; • Шешім қабылда үшін деректерді, ақпаратты және талдауды пайдалану; • Деректер мен ақпаратты жинауға, тазалауға, талдауға, түсіндіруге және есеп беруге арналған құралдар мен процестер; • Аналитикалық ұйымдарының сипаттамалары; • Академиялық сапаны қамтамасыз ету және одан әрі жетілдіру үшін деректер мен ақпаратты пайдалану ( бағалау мен аккредиттеуді қос алғанда); • Деректерді басқару және аналитика саласындағы проблемалар, озық әдістер және тәжірибе.

Форумның негізгі тілі орыс тілі

    • Толық ақпаратты Форум

Бағдарламасынан

    табуға болады.
    • Форумға осы

сілтеме

    бойынша тіркелуге болады. Форумға тіркелу және қатысу тегін (кофе-брейк қоса алғанда). Жол жүру, қонақ үйде тұру және тәуліктік шығыстар қатысушы тарапынан жабылуы тиіс. Орын саны шектеулі екенін ескеріңіз.
    • Бұл форум-белсенді талқылау мен тәжірибе алмасуға арналған платформа. Біз әрбір жоғары оқу орындарының өзіндік бірегей құрылымы және институционалдық зерттеулер бойынша қызмет тәсіліне ие деп санаймыз және әріптестерімізді өз тәжірибелерімен бөлісуге шақырамыз. Біз форумға қатысқысы келетін

көрнекті көшбасшылар мен сарапшыларды

    • іздейміз. Егер сіз өз пікіріңізбен және тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе,

өтінім формасын

    толтырыңыз.
    • Форумға дайындық барысында біз институционалдық зерттеулер саласындағы қазақстандық жоғары оку орындары қызметінің негізгі параметрлерін анықтау үшін барлық қатысушылар арасында сауалнама жүргізудеміз. Бұл сауалнамадан жиналған ауқымды ақпарат форумда тиімді әрі қызықты пікірталастарды өткізу үшін жақсы бастау болатынына сенімдіміз. Біз сізден

сауалнамаға

    қатысуларыңызды сұраймыз.
    НУ Институционалдық зерттеулер мен талдаулар (ИЗТ) бөлімшесі нақты деректерге негізделген шешімдерді қабылдауға қолдау көрсету үшін, сондай-ақ НУ-да институционалдық жоспарлау және тиімділікті арттыру үшін әртүрлі талдамалық зерттеулер жүргізеді. ИЗТ негізгі мақсаты НУ үшін стратегиялық маңызды мәселелерді қарау және шешу үшін қажетті өзекті, шынайы, уақтылы деректер мен талдау нәтижелерін ұсыну болып табылады. ИЗТ Провоста офисінде орналасқан. Қосымша ақпарат алу үшін немесе сұрақтарыңыз болса,бізбен ir@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы немесе 8 (7172) 709011 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

Форум өтетін жерге қатысты ыңғайлы орналасқан әр түрлі санаттағы қонақ үйлер тізімін мына сілтеме бойынша таба аласыз.

Сондай-ақ, бос уақытта баратын елорданың туристік орындарының тізімін келесі сілтеме арқылы таба аласыз.

Оқиғаның суреттерін мына сілтемеде таба аласыз.