HPAIR Азия 2019 конференциясы

HPAIR Азия 2019 конференциясы

Өзгерістерге ұмтылыс

16 – 20 тамыз, 2019 | Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы, Қазақстан

HPAIR. АЛҒАШ РЕТ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА

Биылғы жылы HPAIR Азия коференциясы Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан елордасы Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында өтеді.

Орталық Азия – бұл өркениетті және дамыған өңір. Оның дамуына Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы да зор үлес қосуда. Нақ осы қалада World Expo 2017 көрмесі ұйымдастырылып, 2020 жылғы Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлер конференциясына қатысушылар қабылданады. Нұр-Сұлтан қаласы Орталық Азиядағы халықаралық дипломатия, сауда және мәдени алмасу орталығы ретінде әлемге танымал. Оның үстіне, HPAIR конференциясы да осы тарихи сәттің бір бөлігі болып табылады.

 

Негізі

2010 жылы құрылған Назарбаев Университеті – Қазақстан мен Азияның жетекші оқу орындарының бірі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған университеттің миссиясы – Нұр-Сұлтан қаласын халықаралық инновация мен білім беру орталығына айналдыру. Кең ауқымды халықаралық әріптестер желісі, тартымды орналасқан жері мен әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымы бар Назарбаев Университеті, өзінің құрылған сәтінен бастап көптеген халықаралық іс-шараларды өткізді. 500-ге жуық мұғалім және 3000-ға жуық бакалавр-студент Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында HPAIR 2019 Азия конференциясын қарсы алу мүмкіндігін асыға күтуде!

 

Конференцияның тақырыптары

  • КӨРКЕМӨНЕР, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
  • ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТ
  • БАСҚАРУ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСАТ
  • ҒЫЛЫМИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
  • ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ
  • ҒАЛАМДЫҚ НАРЫҚТАР ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА

Нұр-Сұлтан (Астана) қаласын өзіңіз үшін ашыңыз

Еуразияның жүрегі

Еуразия континентінің орталығында, ежелгі Жібек жолында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы – Еуропа мен Азия арасындағы көпір болатын, экономикалық жағынан тиімді, көлік, байланыс және логистикалық хаб.

Орталық Азия мәдениетінің әртүрлілігі

Қазақстан өзінің мәдени әртүрлілігімен ерекшеленетін, тілдік, тарихи және мәдени құндылықтарын сақтап қалған, 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын ел болып табылады. Мемлекет әрбір этникалық және діни топты өзін-өзі танытуға мүмкіндік жасаған.

Жас астана

Нұр-Султан (Астана) қаласы 1997 жылдан бастап Қазақстанның елордасы және соңғы 20 жылда қуатты инфрақұрылым желісі мен әлеуметтік негізі бар, еліміздің ең ірі заманауи мегаполисіне айналды. Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы еліміздің бас қаласына айналып, әлемнің үздік қалаларының қатарына енді.

Ежелгі және қазіргі заман

Қазақстан ежелгі көшпеділерден бастап қазіргі заманғы Шығыс пен Батыстың әртүрлі мәдениеттерінің ықпалымен қалыптасты. Қазіргі заман мен дәстүрдің қалай бірге тоғысатынын білгіңіз келсе, ғаламат қала Нұр-Сұлтанға келіңіз.

Нұр-Сұлтан қаласы жөнінде толығырақ

Тіркелу туралы ақпарат

Тіркелген күніне байланысты үміткер үш кезеңнің бірінде өтінім бере алады. Тіркелу ережелері барлық үш кезең үшін бірдей. Тіркеу екі кезеңнен тұрады: эссе мен сұхбаттасуды қамтитын, толтырылған өтінім нысаны.
Тіркелу мерзімі төменде келтірілген.

Ерте тіркелу

28 сәуір, 2019 ж. 23:59 EDT (UTC – 4)

Қалыпты тіркелу

26 мамыр, 2019 ж. 23:59 PM EDT (UTC – 4)

Кеш тіркелу

16 маусым, 2019 ж. 23:59 EDT (UTC – 4)
Кеш тіркелу кезінде Қазақстанға кіру үшін виза қажет болмайтын үміткерлер ғана тіркеле алады.