Денсаулық сақтау

Университеттік медицина орталығы (UMC)

UMC төрт заманауи аурухананы басқарады, олардың үшеуін Халықаралық біріккен комиссия (JCI) аккредиттеген: Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы (JCI), Республикалық диагностикалық орталығы (JCI), Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы (JCI)*, Шымкент қалалық кардиология орталығы*.

Олар болашақ дәрігерлер мен медбикелерді даярлаудың клиникалық базасын қамтамасыз ететін, заманауи НУММ оқу ауруханалары ретінде қызмет етеді, сондай-ақ жаңа алдын алу шараларын, диагностика мен терапевтік емді әзірлеу және енгізу үшін зерттеулер мен инновациялар орталығы болып табылады. UMC аурулардың сирек кездесетін және ауыр түрлерін диагностикалау мен емдеудің заманауи хаттамаларын әзірлеуде UPMC және халықаралық мамандармен тығыз ынтымақтасады. UMC Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығының толық мүшесі болып табылады.

2019 жылы UMC жаңа ұйымдық құрылымды енгізе отырып, НУ мектептерімен, клиникаларымен, академиялық және ғылыми мекемелерімен интеграциялауға бағытталған академиялық медицина орталығына айналды; пациенттерге күтім жасау, зерттеулер жүргізу және оқытуды интеграциялау үшін әйелдер денсаулығы мен педиатрия саласындағы алғашқы екі клиникалық академиялық бөлім іске қосылды. Қазіргі уақытта бізде зертханалық медицина, патология және генетика, анестезиология және қарқынды терапия, радиология және ядролық медицина, ішкі медицина және хирургия сияқты, бес толық интеграцияланған клиникалық академиялық кафедралар бар. Биомедициналық кеңес біздің академиялық медициналық орталығымыз, медициналық мектептер және қазақстандық клиникалық және зерттеу ұйымдары арасындағы тиімді өзара іс-қимылға жәрдемдесуді жалғастыруда.

*жуырда UMC жүйесінің бөлігі болады.