Денсаулық сақтау

Өмір Туралы Ғылымдар Орталығы (ӨҒО)

ӨҒО Қазақстандағы медицина мен денсаулық сақтауды инновациялық ғылыми зерттеулер, тың жаңалықтарды жылдам пайдалану, болашақ клиникалық және ғылыми көшбасшыларды оқыту, дәлелді медицинаны насихаттау мен оның практикасы, сондай-ақ дербестендірілген және болжамды медицина саласында зерттеулер жүргізу арқылы түрлендіруге ұмтылады. Зерттеудің негізгі басымдықтары регенеративті медицина және жасанды органдар, биомедициналық инженерия, инновациялық жасушалық технологиялар және жасушалық терапия, салауатты қартаю және трансляциялық медицина болып табылады.

ӨҒО «үлкен геномдық деректермен» жұмыс істеу және биоинформатика саласындағы міндеттерді шешу үшін Қазақстандағы алғашқы жоғары өнімді биоинформатика есептеу платформасын іске қосты. ӨҒО ғалым-зерттеушілер командасы биомедициналық ғылымның алғы шебінде жұмыс істейді, Қазақстан Республикасы Ғылым қоры қаржыландыратын бәсекеге қабілетті коммерцияландыруға арналған гранттарды жеңіп алады, патенттер шығарады, сондай-ақ жоғары импакт-факторы бар журналдарда жарияланады.