Зертханалық жануарларды күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі институционалдық комитет

 «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да Зертханалық жануарларды күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі институционалдық комитет (бұдан әрі – ЗЖКИК) Ғылыми кеңестің жанындағы тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және Университетте ғылыми жұмыстар жүргізген кезде зертханалық жануарларды күтіп-ұстағанда және пайдаланғанда этикалық нормалардың сақталуына бақылауды жүзеге асыратын «кіші комитет» мәртебесі бар.

ЗЖКИК жануарларды пайдалану бойынша қызметті қарайтын және мақұлдайтын қадағалау органының негізгі рөлін атқарады, сондай-ақ жануарлар күтіп-ұсталатын нысандарға инспекциялау жүргізеді. ЗЖКИК негізгі рөлі зерттеулер, тестілеу және  білім беруде жануарлардың этикалық және адамгершілік ұстаным тұрғысынан пайдаланылуын қамтамсыз ету болып табылады.

НУ ЗЖКИК Ережелеріне, НУ ЗЖКИК Жұмыс  регламентіне және НУ ғылыми этика жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес зертханалық жануарларды күтіп-ұстау мен пайдалануға байланысты барлық ғылыми жобаларды НУ ЗЖКИК қарауы және мақұлдауы тиіс.

НУ ЗЖКИК жануарларды зерттеуде пайдаланғанда оларды этикалық және адамгершілік күтім көрсету мәніне қараған кезде өтінімдер хаттамасынан бастартуға, өзгертуге немесе бекітуге құқылы. Комитет зерттеулер жүргізуді бақылайды, сондай-ақ ғылыми жобалардың бас зерттеушілерінің жұмыстың барысы туралы есептерінің бір жылда бір реттен аз өткізілмеуін талап етеді.

1-бөлім –  Ережелер және регламент 

2-бөлім  – Комитетке мүшелік

Комитет құрамына келесі мүшелер кіреді:

1) Төраға, оның кандидатурасын  Провост ұсынады;

2) 1 (бір) өкіл Медицина мектебінен;

3) 1 (бір) өкіл Ғылым және Технологиялар мектебінен;

4) 1 (бір) өкіл Инженерия мектебінен;

5) 1 (бір) өкіл «Астана ұлттық зертханасы» ЖМ-нен;

6) 1 (бір) өкіл, Сенаттың ішкі рәсімдеріне сәйкес тағайындалған Сенат факультетінен;

7) 1 (бір) өкіл UMC-нен;

8) Қызметкер емес немесе Университет қызметкерінің туысы емес,  сондай-ақ  Университетке кәсіби қатысы жоқ тәуелсіз сарапшы;

9) Ветеринар дәрігер.

Комитет мүшелікке байланысты жұмыс жүктемесін бөлу мақсатында Төрағаның ұсынымы бойынша Комитет құрамына қосымша мүшелерді ұсыну құқығын өзінде қалдырады.

Төрағаның орынбасарын Комитет олардың мүшелері арасынан тағайындайды. Төраға болмаған немесе БЗ және/немесе Бастамашымен мүдделер қайшылығының болуы туралы мәлімделген жағдайда, Төрағаның орынбасары оның міндеттерін атқарады.

Комитет мүшелері үш жылдық мерзімге тағайындалады, ол мерзім аяқталған соң дәл осындай мерзімге қайта тағайындалуы мүмкін.

Комитет төрағасы және мүшелері Комитет төрағасы мен хатшысын жоспарланған кету мерзімінен бір ай бұрын хабардар ете отырып, Комитетке мүшелік етуден өз еркімен бас тартуға құқылы.        

3-бөлім. CITI тренинг

НУ зерттеулерге қатысатын ҒЗИӘК мүшелерінен, ғылыми жетекшілер мен қызметкерлерден тиісті түрде оқытылатын онлайн Collaborative Institutional Training Institute (CITI) бағдарламасынан өтуді талап етеді.

Тіркеу парағына кіру үшін CITI training парағына кіріңіз және “New Users Register Here-ні таңдаңыз.

Қатысушы Университеттердің тізімінен “Nazarbayev University” таңдаңыз.

Өз есіміңізді және университеттік email-іңізді енгізіңіз.

Үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін өз университетіңіздің email-ін “Preferred Email” ретінде қолданыңыз.

Тіркелу үшін ақпарат берген соң, өзіңіздің зерттеу бағдарламаңызға қандай оқу пәнінің сәйкес келетіндігін анықтау үшін бірқатар бақылау сұрақтарына жауап беруіңіз қажет.

ЕСКЕРТУ: Егер сіз таяуда басқа институтта CITI оқуынан өткен болсаңыз, сіз НУ-ды кредиттерді ауыстыруға қатысушы университет ретінде қоса аласыз. Қосымша мекемелерді қосу және пайдаланушының аты мен негізгі email мекенжайын өзгерту үшін CITI сайтындағы нұсқаулықтарды қолданыңыз. Егер Сіз, өз пікіріңіз бойынша, өзіңізді CITI бағдарламасынан өтуден босататын этика бойынша оқудан өткен болсаңыз, Ғылым жөніндегі орталық офистің қарауына өзіңіздің оқуыңыз туралы есеп беріңіз.

4-бөлім. ЗЖКИК нысандары мен үлгі-қалыптары

ЗЖКИК өтінім нысаны

ЗЖКИК өтінімді жалғастыруға арналған сұрату нысаны

ЗЖКИК өтінімін өзгертуге арналған нысан

5-бөлім. ЗЖКИК-ке өтінім беру үшін талап етілетін құжаттар тізімі:

НУ ЗЖКИК өтінімдердің әр түрлерін, оның ішінде келесі өтінімдерді қабылдайды:

5.1 Стандартты өтінім, алғаш рет қаралатын кез келген зерттеу үшін пайдаланылады:

5.1.1 ЗЖКИК-ке өтінім нысаны

5.1.2 CITI Білім беру сертификаты немесе сіздің зертханалық жануарларды күтіп-ұстау және пайдалану бойынша курстан өткендігіңізді көсететін, кез келген сәйкес келетін сертификат. Ғылыми жобаның барлық мүшелері сертификатталуы тиіс.  

 5.1.3 Ғылыми жобаға байланысты барлық материалдар хаттамаға енгізілуі тиіс. Хаттама нысанында көрсетілген кез келген құжат осы бөлімге қоса берілуі тиіс.

5.2  ЗЖКИК өтінімді жалғастыруға арналған сұрату нысаны – ЗЖКИК кем дегенде жыл сайын, ең төменгі тәуекелден жоғары барлық зерттеулерді қарайды.

5.3 ЗЖКИК өтінімін өзгертуге арналған нысан осы уақытта мақұлданған өтінімге кез келген өзгерісті мақұлдауға сұрау салу үшін пайдаланылады. Олар зерттеу бастапқыда қаралып және жаңа зерттеу ретінде мақұлданғаннан кейін ғана қаралады.

Барлық өтініштер ЗЖКИК хатшысына жіберілуі тиіс iacucsubmission@nu.edu.kz