Жанар Байтелиева

Департамент
Қазақ тілі және түркітану кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Кеңсе
8408
Электр. пошта
zhbaiteliyeva@nu.edu.kz
Телефон
5935

Байтелиева Жанар – Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің ассистент профессоры. Ол 1997 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Филология, қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Түркі тілдері» мамандығы бойынша аспирантурасына түсіп, осының негізінде 2007 жылы Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Байтелиева Жанар Назарбаев Университетіне дейін Сулейман Демирель университетінің (Алматы) ассистент профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының (Алматы) ғылыми қызметкері, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (Тараз) және Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде (Шымкент) оқытушылық қызметтер атқарған.
Байтелиева Жанардың ғылыми ізденістері этнолингвистика және социолингвистика салаларын қамтиды.