Зейнеп Жұматаева

Департамент
Қазақ тілі және түркітану кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Кеңсе
Block 8, office 8212
Электр. пошта
zzhumatayeva@nu.edu.kz
Телефон
87787432045

Зейнеп Жұматаева 2007 жылы, PhD бағдарламасындағы ғылыми жұмысын “Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі” мамандығы бойынша қорғады. Қазіргі таңда Назарбаев университетінде Қазақ тілі және Түркітану департаментінің ассистент-профессоры қызметін атқарады. Назарбаев университетіне дейін Зейнеп Жұматаева Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етті. 2009 – 2010 жылдары Зейнеп Жұматаева біліктілігін көтеру, тәжірибе алмастыру, сондай-ақ докторлық диссертациялық жұмысы бойынша Түркия республикасының Анкара қаласындағы Гази университетінде жұмыс істеді.

Назарбаев университетінде Қазақ тілі мен әдебиеті, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, Сөз өнері, Мәнерлеп оқу және тіл мәдениеті, Риторика, Қазақ мәдениеті, этнография, әдебиеті және фильмдері арқылы, Кино өнері және Қазақ тілі: мансап және жетістік пәндерінен сабақ береді. 2015-2016 оқу жылында Зейнеп Жұматаева АҚШ-тың Висконсин-Мадисон университетінде тағылымдамадан өтіп, жетілдіруші деңгей студенттеріне Қазақ тілінен дәріс берді. Қазіргі уақыттағы аталған екі ғылыми жоба бойынша жұмыс жүргізуде: 1. Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиясы мен әдістемесі; 2. Қазақ тілін лингвомәдениеттану әдістемесі бойынша оқытудың әдіс-тәсілдері.
Зейнеп Жұматаева 5 оқу құралы мен 40-тан астам жарияланымдардың авторы.