Спенсер Уиллардсон

Департамент
Саясаттану және xалықаралық қатынастар, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Кафедра меңгерушісі
Кеңсе
8.133
Электр. пошта
spencer.willardson@nu.edu.kz
Телефон
4726
Веб-сайт
http://www.spencerwillardson.net/

Доктор Уиллардсон Назарбаев Университетіне 2014 жылдың күзінде келді. Оған дейін ол Лас-Вегастағы (UNLV) Невада Университетінде жұмыс істеді. 2013 жылдың мамырында ол Айова университетінде философия докторы дәрежесін алды. Профессор дәрежесін алғанға дейін доктор Уиллардсон тоғыз жыл бойы АҚШ әскерінде қызмет етті. Әскердегі мансабының нәтижесінде ол Юта Ұлттық университетінде іскерлік әкімшіліктендіру саласындағы бакалавр дәрежесін алды және Американдық әскер университетінде стратегиялық интеллигенция магистрі дәрежесіне ие болды. Қазіргі кезде профессор Уиллардсон саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар департаментінің кафедра меңгерушісі.

Профессор Уиллардсонның бірқатар ғылыми қызығушылықтары бар. Ол қару сатылымын сыртқы саясат құралы және қару феноменін жалпы халықаралық қатынастар ретінде қарастырады. Сонымен қатар ол қауіпсіздік және интеллигенция мәселелерімен айналысады. Оның халықаралық қатынастардағы қауіпсіздік және интеллигенция арасындағы өзара байланысты қарастыратын жарияланымдары бар.

Қазіргі кезде доктор Уиллардсон екі кітап жобасымен жұмыс жасауда. Біріншісі оның диссертациясына негізделген және қарулар мен сыртқы саясат жайлы. Екіншісі халықаралық жүйедегі бәсекелестік брокерлері туралы. Басқа қазіргі жобалары халықаралық жүйедегі жасырын әрекеттерді, Қазақстандағы азаматтық-әскери қатынастарды, қару сату және адам құқықтарын қарастырады.