Шу-Шан Ли

Департамент
Саясаттану және xалықаралық қатынастар, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Кеңсе
8.213
Электр. пошта
shu-shan.lee@nu.edu.kz
Телефон
+7(7172)69 47 41
Веб-сайт
https://shushanlee.wordpress.com/

Тайваннан шыққан Фулбрайт ғалымы Шу-Шан Ли саяси теория саласында докторантураны Виргиния Университетінде бітірді. Докторантураға дейін ол Тайвань Ұлттық Университетінде саясаттану саласындағы магистр дәрежесін алды. Оны тарихтағы және бүгінгі күнгі қарапайым адамдардың саяси идеялары қызықтырады. Қазіргі сәтте ол Қытайдың түпкілікті либералды дәстүрлерін зерттейтін жобамен айналысуда. Бұл жоба барысында империялық Қытайдан бүгінгі күнге дейінгі қарапайым қытайлықтар ұйымдастырған ерікті қауымдастықтар зерттеледі. Сонымен қатар Қытайдың саяси трансформациясына ежелгі дәстүрлердің демократиялық катализатор ретіндегі әсерін анықтау үшін тереңдетілген сұхбат жүргізіледі.