Сергей Кондян

Департамент
Экономика, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Электр. пошта
sergey.kondyan@nu.edu.kz

Сергей Кондян – Назарбаев Университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде экономика кафедрасының ассистент профессоры. 2006 жылы Шығыс Каролина Университетінен Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2012 жылдың тамызында Солтүстік Каролина мемлекеттік университетінен экономикадан докторлық дәрежесін алды.

Сергей Кондян 1994 жылы инженерлік мамандық бойынша магистр дипломымен және 1996 жылы инженер-зерттеуші дипломымен Арменияның Мемлекеттік инженерлік университетін бітірді.

Сергейдің ғылыми қызығушылығы Экономикалық өсу, Макроэкономика және Қолданбалы эконометрика салаларына негізделген. Оның қазіргі зерттеулерінде динамикалық жалпы тепе-теңдік жағдайында экономикалық өсудің ашық экономикалық аспектілері қарастырылады.