Седжин Ку

Департамент
Саясаттану және xалықаралық қатынастар, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Кеңсе
8.502
Электр. пошта
se-jin.koo@nu.edu.kz

Профессор Ку саяси партиялар мен партиялық жүйелерге, азиялық саясатқа,  атқарушы саясатқа, сандық әдістерге, контент-анализге және Кәріс саясатына баса назар аудара отырып, салыстырмалы саясаттану мен әдістерінде мамандалады,. Назарбаев Университетіне дейін ол Техасстың A&M университетінде, Сан-Диегоның Калифорния университетінде сабақ берді.

Профессордың қазіргі жобасы партиялар мен сайлаушылардың арасындағы идеологиялық байланыс және Азиядағы партиялық белсенділердің рөлі мен уәждемесіне бағытталған. Ол Оңтүстік Корея мен Монғолияда ( тереңдетілген сұхбат пен сауалнама) далалық зерттеулер жүргізіп, енді келесі үж жылда Азияның басқа елдерінде далалық зерттеулер жүргізу арқылы  партия белсенділеріне қатысты деректер жинағын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Оқытатын курстар
PLS140 Салыстырмалы саясаттануға кіріспе
PLS211 Саясаттанудағы сандық әдістер
PLS340 Шығыс Азия саясаты

Оқуы
PhD, Саясаттану, Техас A&M Университеті
MA, Саясаттану, Сеул Ұлттық Университеті
BA, Саясаттану, Сеул Ұлттық Университеті