Сарқыт Әлісжан

Департамент
Қазақ тілі және түркітану кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Қауымдастырылған профессор
Электр. пошта
saliszhan@nu.edu.kz

Әлісжан Сарқыт Қалымұлы – Назарбаев Университеті Әлеуметтік және гуманитарлық мектебінің ассоц. профессоры. Оқытушының ғылыми-зерттеу ізденісі тіл білімінің түрлі салаларын қамтиды.
2007 жылы «Ғылыми тіл синтаксисінің құрылымдық-коммуникативтік негіздері» атты докторлық диссертациясын (Алматы қаласы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты) сәтті қорғады.
Қоғамдық жұмыстары:
ҚР Үкіметі жанындағы Терминологиялық комиссияның жауапты хатшысы (2000-2002 жж.), ОК 14.29.02 диссертациялық кеңесінің ғалым хатшысы (2000-2003 жж.), Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы К 14.29.02. диссертациялық кеңесінің мүшесі (2004-2008 жж), Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Д. 14.29.02. диссертациялық кеңесінің мүшесі (2009-2010 жж.).
2010 жылдан ҚР Мәдениет Министрлігі Тіл комитеті жанындағы Терминологиялық комиссияның мүшесі.
С.Қ.Әлісжан 100-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің авторы, оның ішінде 1 монография, 3 оқу құралы, 1 оқу-әдістемелік құрал, 3 сөздік, 1 оқу бағдарламасы бар.
Негізгі еңбектері: 1) Қазақ терминологиясы: теория және тәжірибе (оқу
құралы). Астана, 2005. 112 бет; 2) Англо – казахско – русский терминологический словарь. – Астана: ЕАГИ, 2005. – 63 б. (Құрастырушы авторлардың бірі); 3) Ғылыми прозаның синтаксисі (құрылымдық және коммуникативтік негіздері). Монография. – Алматы: Арыс, 2007.; 4) Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі. Оқу құралы. Астана: ЕАГИ, 2010. 140 бет; және т.б.
Оқытушының ғылыми-зерттеу ізденісі:
Лингвистика
Терминология
Синтаксис
Практикалық қазақ тілі