Самал Абжанова

Департамент
Қазақ тілі және түркітану кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Нұсқаушы
Электр. пошта
sabzhanova@nu.edu.kz

Самал Абжанова қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің нұсқаушысы болып жұмыс істейді. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін тамамдады. Содан кейін осы аталған университеттің философия және саясаттану факультетінде магистратурада оқыды. Магистр атағын алған соң, Алматы қаласындағы маркетинг және менеджемент колледжінде қазақ тілінен сабақ берді. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Республикалық тілдерді оқыту орталығында  қазақ тілі курстарын жүргізді. Бұдан соң, Қазақ Ұлттық Медицина университетінің “Жанұялық медицина” кафедрасында аудармашы қызметін атқарды. “Түркі тілдеріндегі аффрикаттардың ұқсастығы” тақырыбында диплом қорғаған. Қазіргі уақытта Самал Назарбаев Университетінде жетілдіруші деңгейдегі қазақ тілін және әдебиет курсынан сабақ береді. Оған қосымша, топ алдында сөйлеу курсын жүргізеді.