Римма Аблеева

Департамент
Тілдер, лингвистика және әдебиеттер кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Электр. пошта
rumiya.ableeva@nu.edu.kz

Доктор Аблеева 2010 жылы француз тілі және қолданбалы лингвистика бойынша Ph.D. дәрежесін Пенсильвания штатының университетінде (АҚШ) алды. Сонымен қатар, француз тіл білімі саласындағы магистр және бакалавр дәрежелерін Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде (Ресей) тәмамдады.

Д-р Аблееваның ғылыми зерттеу салалары келесілерді қамтиды: Екінші тілді меңгеру теориясы, Тілдерді оқытудағы бағалау, Компьютерлік тілдерді үйрену және оқыту, Екінші тілді үйрену мен тіл педагогикасының әлеуметтік-мәдени тәсілдері, Екінші тілдегі тыңдау мен оқуды дамыту, Дискурстық талдау және вариационистік лингвистика.