Раушан Мырзабекова

Департамент
Қазақ тілі және түркітану кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Инструктор
Кеңсе
8.527
Электр. пошта
rmyrzabekova@nu.edu.kz
Телефон
705926
Веб-сайт
http://shss.nu.edu.kz/faculty/raushan-myrzabekova-2

Раушан Мырзабекова Қазақ және түркі тілдерін оқыту департаментінде инструктор лауазымында 2011 жылдан бастап қызмет етеді. Қазақ тілі курстары бойынша жалғастырушы, жетілдіруші деңгейлер үшін, «Риторика» курстарын жүргізген, қазіргі таңда «Бизнес этикет» курстарын жүргізеді. 2014 жылдың 8 маусым-12 тамыз аралығында жоғары деңгей студенттері үшін «Қазақ әдебиетінің тарихы», жалғастырушы деңгей үшін сөйлесім сабақтарын және 2017 жылдың 12 маусым -11 тамыз аралығында Висконсин-Мэдисон Университетінде Орта Азия тілдерін оқытатын жазғы институтта «Intermediate Kazakh» курсын жүргізді.
Назарбаев Университетіне дейін Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде және Қарағанды облысының №6 Жезді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.
2002 жылы басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін аяқтаған. 2006 жылы аталмыш университеттің филология факультетінің магистратура бөлімін тәмамдаған.
Назарбаев Университеті, Әлеуметтік және Гуманитарлық ғылымдар мектебінің ұйымдастыруымен (Висконсин-Мэдисон Университетімен серіктестік аясында) «Тілдерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану», «Әлем тілдерін оқыту барысында жергілікті ерекшеліктердің маңызы» және Висконсин-Мэдисон Университетінде «Студенттердің тілдік деңгейін бағалау жүйесін үйлестіру», «Тілдерді оқытуда коммуникативті тәсілдердің тиімділігі», «Курс мазмұнын жоспарлау әдістері» сияқты семинарларға қатысқан.
Қарағанды облыстық педагог қызметкерлерді жетілдіру және қайта даярлау институтында, Республикалық педагог қызметкерлерді жетілдіру және қайта даярлау институтында, Астана қаласының республикалық «Дарын» орталығында «Мұғалімнің жобалаушылық іс-әрекеті», «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Ресурстық Орталықтағы оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану», «Дарынды оқушыға – талантты ұстаз», «Білім беру технологиясы – сапалы білім негізі» тақырыптарында біліктілікті арттыру курстары мен семинарларға қатысқан.
Марапаттаулар: НУ Президенті Шигео Катсудың алғыс хаты, Астана Білім Басқармасының алғыс хаты , Қарағанды облыстық әкімшілігінің алғыс хаты, Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының ІІ дәрежелі дипломы, Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің алғыс хаты, республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасындағы республикалық конкурстың ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары (KATEV халықаралық қоғамдық қоры).