Меруерт Ибраева

Департамент
Қазақ тілі және түркітану кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент профессор
Кеңсе
8408
Электр. пошта
mribrayeva@nu.edu.kz
Телефон
5924

Ибраева Меруерт Назарбаев Университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің ассистент профессоры. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетін «Қазақ және ағылшын тілдері» мамандығы бойынша бітірген. Кандидаттық диссертациясын 2010 жылы Әл-Фараби атындағы ұлттық университетте қорғаған.
Меруерт Ибраева Назарбаев Университетіне дейін 2004-2011 жылдар аралығында Инновациялық Еуразия университетінің лингводидактика және мәдениетаралық қарым-қатынас кафедрасында дәрістер мен практикалық сабақтар жүргізген. Сондай-ақ, 2013 жылы Висконсин-Мэдисон университетінде жазғы мектеп уақытында қазақ тілінен сабақ берген.
М. Ибраева «Professional development workshop on effective learning», «Екінші тіл: теория және тәжірибе», «Қазіргі заманғы салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі», «Университетті басқару: инновациялар және сапа» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.