Майя Савевска

Департамент
Саясаттану және xалықаралық қатынастар, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Кеңсе
8.502
Электр. пошта
maja.savevska@nu.edu.kz
Телефон
+77078070069
Веб-сайт
https://msavevska.wixsite.com/website

Доктор Майя Савевска – Назарбаев Университетіндегі Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің доценті. Ол саяси ғылымдар мен халықаралық қатынастар кафедрасына 2016 жылдың күзінде қосылды. Ол жаһандану, Еуропа және Мультилатерализм саласында Варвик пен Libre de Bruxelles университетінде Erasmus Mundus докторантурасын бітірді. Оның PhD бағдарламасын толығымен Еуропалық Комиссия төледі. Кандидаттық диссертациясын ойдағыдай бітіргеннен кейін ол Гарвардтың заң факультеті жанындағы Ғаламдық құқық және саясат институтында тағылымдамадан өтті.

Доктор Савевсканың ғылыми қызығушылықтары халықаралық саяси экономика (ІРЕ) мен Еуропалық одақтың (ЕС) қиылысында орналасқан. Оның докторлық диссертациясы Еуропалық одақ аясында жаңа әлеуметтік-экологиялық парадигманың шығуын зерттеуге бағытталған Поляни тәсілін дамытуды қамтыды. Қазіргі кезде доктор Савевска екі салада жұмыс істейді: а) Еуропалық одақты кіріктірілген немесе кіріктірілмеген түрінде жіктеудің терминологиялық күресінен бас тартатын постполян перспективаларын қалыптастыру мәселелерін б) Еуропалық семестрдің әлеуметтік Еуропаға әсерін,  макроэкономикалық бақылаудың жаңа тетіктерін зерттейді.