Мақсат Қасен

Департамент
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі
Лауазымы
Ассистент Профессор
Электр. пошта
maxat.kassen@nu.edu.kz

Ғылыми қызығушылықтары: мемлекеттік ақпараттық саясат, электрондық үкімет, ашық деректер саясаты, цифрлық саясат, федерализм, саяси коммуникация және халықаралық қатынастар феноменін зерттеу.

Мақсат ҚАСЕН – саясат ғылымдарының талдаушысы, саясаттанушы, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Ассистент-Профессоры (Нұр-Сұлтан, Қазақстан). Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы аспирантурасының түлегі (2009). Фулбрайт сенатор (Вашингтон, АҚШ) атындағы ғылыми-зерттеу бағдарламасының стипендианты. 2011-2012 жылдары Иллинойс университетінде (Чикаго, АҚШ) және 2011 жылы Оксфорд университетіңде ғылыми-зерттеу институтында (Ұлыбритания) ғылыми тәжірибеден өтті. Әр жылдары ағылшын тілінде саяси мәселелер бойынша бірнеше беделді шетелдік және отандық университеттер мен ғылыми институттарда, соның ішінде Массачусетс Университеті (Амхерст, АҚШ), Вудбери университеті (Лос-Анджелес, АҚШ), АҚШ-тың электронды үкімет орталығында (Амхерст, Массачусетс штаты, АҚШ), Мәскеу мемлекеттік университетінің астаналық филиалында және көптеген басқа университеттерде дәріс оқыды. Сондай-ақ, бұған дейін мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2003-2004 жж. ҚазАқпарат – Ұлттық ақпараттық агенттіктің шетелдік ақпараттық қызметін басқарды.

Мақсат ҚАСЕН АҚШ-та, Еуропада, Ресейде және Қазақстанда жетекші ғылыми журналдарда жарияланған, соның ішінде импакт-факторы жоғары 20-дан астам халықаралық журналдарда мемлекеттік ақпарат пен цифрлық саясат феноменін, электрондық үкіметті, жас ұрпақтың және халықаралық қатынастардың саяси білімін зерттеуде 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Әлемдік, Еуропалық және Американдық саяси ғылымдар қауымдастығының тұрақты мүшесі. Сан-Франциско, Чикаго, Денвер, Оксфорд, Ганновер және басқа да жерлерде әртүрлі жылдарда ұйымдастырылған халықаралық ғылыми симпозиумдар мен саяси форумдарда бірнеше рет секцияның төрағасы және спикері болған. АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Нидерланды сияқты елдерде жоғары импакт-факторы бар саяси ғылымдар, дипломатия және халықаралық қатынастар саласындағы беделді шетелдік ғылыми журналдардың тәуелсіз сыртқы шолушысы болып табылады. 2017 жылдың желтоқсан айында ғылымға және жас мамандарды даярлауға ерекше үлес қосқаны үшін Ахмет Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды. Ал 2018 жылдың қараша айында профессор Мақсат Қасен халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрнекті жетістіктері үшін «SCOPUS AWARD 2018: Contribution to Science» атты халықаралық ғылыми сыйлықтың лауреаты атанды.