Күлән Көпеш

Департамент
Қазақ тілі және түркітану кафедрасы, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі
Лауазымы
Нұсқаушы
Кеңсе
8522/1
Электр. пошта
kkopesh@nu.edu.kz
Телефон
8(7172)70-59-34

Күлән Көпеш – Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің инструкторы, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. Күлән Көпеш – Алматы облысы Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетінің түлегі. Күлән Көпештің ғылыми ізденістері лингвистика және қазақ тілін оқыту әдістемесі, кәсіби қазақ тілі салаларын қамтиды. Ол – 20-дан астам ғылыми мақаланың авторы және ғылыми-әдістемелік топтың құрамында төмендегі берілген оқу-әдістемелік құралдар мен кешендерді жазды:
1. Бастауыш деңгейге арналған «Қазақ тілі» оқулығы мен электронды оқу құралы (қосалқы авторлықта) (2007);
2. Қазақ тілі оқытушыларына арналған «Құс жолы» оқу-әдістемелік кешені (қосалқы авторлықта) (2009);
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ТІЛДІК ПОРТФЕЛІ (қосалқы авторлықта) (2010);
4. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған «СҰХБАТ» оқу-әдістемелік кешені (қосалқы авторлықта) (2010);
5.Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Тілашар» оқу және электронды оқу құралдары (қосалқы авторлықта) (2011).

Марапаттаулары:

2007 жылы «Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақтары фестивалі» атты республикалық байқауда ІІ орынға; 2010 жылы Астана қаласында бойынша «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауында І орынға; 2010 жылы өткен Мәдениет министрлігі Тіл комитеті өткізген республикалық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауында ІІ орынға және Назарбаев Университетінде өткен «Екі жұлдыз» байқауында ІІ орынға ие болды.

Біліктілікті арттыру курсы бойынша мәлімет:

2010 ж. Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі технологиясын қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы, Астана қаласы.
2010 г. участие в научно-практическом семинаре «Дети нового сознания: современное сосотояние» (кол-во часов – 74), Астана қаласы.
2011 ж.«Интерактив тақта Activboard-ты қолданудың кешенді жүйесі», «Зерде» тілдерді дамыту жөніндегі инновациялық орталығы, Астана қаласы.
2011ж. «Қазақстан Республикасындағы кәсіби бағытта оқыту: ұйымдастыруды дамыту және оның өзекті мәселелері» (48 сағат), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы.
2013 ж. «Қазақ тілін оқыту: инновациялық әдістер мен тәжірибе» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар, Назарбаев Университеті, Астана қаласы.
2014 ж. «Ғылыми зерттеулердің теоретикалық және практикалық мәселелері: методология, әдістеме, технология» атты қалалық ғылыми семинар-кеңесі, Тұран-Астана университеті, Астана қаласы.
2014 ж. «Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерінің ерекшеліктері» республикалық семинар-тренинг, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығы, Астана қаласы.
2016 ж. «Білім берудің қазіргі замандағы жай-күйі және көптілділік жағдайындағы пардигмалардың ауысуы» халықаралық семинар-тренинг, Астана қаласы.
2016 ж. «Коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерді бағалау принциптері» республикалық семинар-тренинг, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығы, Астана қаласы.
2016 ж. «Қазақ тілін өзге тілді ересек азаматтарға оқытудағы ҚАЗТЕСТ әдістемесінің ерекшеліктері:даму бағыттары» ғылыми-практикалық семинар, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығы, Астана қаласы.