Каресс Шенк

Департамент
Саясаттану және xалықаралық қатынастар, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Кеңсе
8.417
Электр. пошта
cschenk@nu.edu.kz

Профессор Каресс Шенк Назарбаев Университетінің Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасына 2011 жылы салыстырмалы саясаттану, ұлттық сәйкестік, көші-қонды бақылау және Еуразиялық саясат сұрақтарында маманданатын Профессор ретінде қосылды. Ол ПОНАРС (Еуразиядағы қауіпсіздік саласындағы және зерттеулер өткізудің жаңа тәсілдемелері бағдарламасы) тобының мүшесі және Халықаралық білім беру бойынша Американдық Кеңесінің, Ғалымдарға арналған Фулбрайт бағдарламасы және Назарбаев Университінің зерттеу гранттарының жеңімпазы. Оның Why Control Immigration? Strategic Uses of Migration Management in Russia (Торонто Университетінің баспасы) Ресейдің саясат пен патронаж саяси жүйелерде қалай жұмыс істейтінін көші-қонды бақылау саясатын талдау арқылы зерттеді.

Сонымен қатар, Професоор Шенк  The Oxford Handbook of Migration CrisesRussia Before and After Crimea: Nationalism and Identity 2010-2017 (Эдинбург Университетінің баспасы), Demokratizatisya, Europe-Asia Studies,  және Nationalities Papers ғылыми журналдарында жарық көрген мақалалардың және кітап тарауларының авторы. Профессор Шенктің зерттеулері Ресейдегі федералды және өңірлік деңгейлерінде көші-қонды басқару, үкімет және азаматтық қоғамның көші-қон мәселелеріне көзқарасы, жемқорлық және бейресми тәжірибелерге қатысты мигрант құқықтары, Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберіндегі еңбек көші-қоны сұрақтарын, және көші-қонды бақылаудың мемлекет мықтылығымен байланысы мәселелерін қамтиды. Профессор Шенк халықаралық үкіметтік емес ұйымдарының Ресей және Қазақстандағы адамды сату және еңбектік құлдықты зерттеуге байланысты жобаларына үлес қосты.