Гүлжамиля Шалабаева

Департамент
Қазақ тілі және түркітану кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Нұсқаушы
Электр. пошта
gshalabayeva@nu.edu.kz

Шалабаева Гүлжәмилә  қазақ тілі курстарын жүргізеді. «Тұран-Астана» университетінде Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған (2014).  Оның ғылыми және педагогикалық зерттеу жұмысы   қазақ тілін салыстырмалы грамматика тұрғысынан қарастыру, тіл және мәдениетті байланыстыра отырып, студенттердің танымдық қызығушылықтарын арттыру, жаңашыл оқытуға негізделген.  Соның ішінде  батыстық білім беру жүйесіндегі  жаңаша ойлар мен идеяларды зерттеу және қазақ тілін оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыруда ізденіс жолында. Магистрлік зерттеу тақырыбы орыс тілді аудиториялардағы студенттердің ауызекі сөйлеу тілін дамыту әдістеріне арналған. Өз кәсібіи біліктілігін арттыру мақсатында үнемі курстар мен ғылыми конференцияларға қатысады.   2012 жылы Түркияда өткен «Интеграция: тіл, мәдениет және дәстүрлер тоғысы» атты жоба аясында өткен «Боллон процессі – тәжірибе мен болашағы» атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында өткен семинарға  қатысқан. 2013 жылы “Білім беру жүйесіндегі шеберлік пен лидерлік”  халықаралық ғылыми-практикалық  конференциясына қатысқан. 2014 жылы Польша мемлекетіндегі Вармин және Мазур Университеті ұйымдастыруымен өткізілген  «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері»  атты халықаралық  біліктілігін арттыру курстарынан өткен.