Гүлнара Омарбекова
Омарбекова Гүлнара Әбілдақызы – филология ғылымдарының кандидаты (2004), қауымдастырылған профессор (2011). Алматы педагогикалық шет тілдер институтын 1984 жылы үздік аяқтап, 1994 жылы Қазақ-Түрік университетін бітірген. 1995-1998 жж. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де оқытушы және осы университеттің аспирантура бөлімін басқарды.
2004-2007 жж. Каспий қоғамдық университетінде “Тілдер” кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2007-2010 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы және шет тілдер факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
Зерттеу бағыттары:
Салыстырмалы лингвистика, лингвистикалық зерттеулер.
Қолданбалы лингвистика. Қазақ тілін екінші тіл және арнайы мақсаттар үшін оқыту.
Лингвомәдениеттану. Тіл және мәдениет арасындағы байланыс: Тілдік -мәдени аспект.
Г.А. Омарбекова – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2010). Австралияның Гриффит университетінде ғылыми тағылымдамада (2010-2012) болды. Омарбекова Г.А. Канберрадағы «Australex-2011» халықаралық ғылыми конференциясының арнайы стипендиясына ие болды.
Омарбекова Г.А. 2014 жылдың қараша айынан бастап Назарбаев университетінде қызмет атқарып келеді.
– 2015 жылы Social Policy – грант иегері.
– 2015 жылы «Назарбаев Университеті» АҚ Президенті Шигео Катсудың Алғыс хатының иегері.
– 2017 жылы АҚШ, Висконсон (Мэдисон) университетіне 30 күндік зерттеу сапарының жеңімпазы.