Ғалия Сағындықова

Департамент
Экономика, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Кеңсе
8.507B
Электр. пошта
galiya.sagyndykova@nu.edu.kz
Телефон
+7-7172-704717

Ғалия Сағындықова 2014 жылы Аризона университетінде экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алған, университетте Рональд Оаксаканың студенті болған. Оқу барысында ол 3-ші оқу жылындағы ең үздік мақала үшін Эд Заджак сыйлығына ұсынылған болатын, және ғылыми жұмысы үшін сыйлық (Graduate Research Award) алған. Оның диссертациясы негізінен Мексика мен Америка Құрама Штаттарында білім беру саясаты мен бағдарламаларын бағалауға бағытталған. 2014 жылдың тамызынан бастап Сағындықова Назарбаев Университетінің экономика  кафедрасында ассистент профессор қызметін атқарып келеді. Назарбаев Университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде бакалавриаттың қосалқы директоры қызметін атқарады. Оның зерттеу салалары еңбек экономикасы, өнеркәсіптік ұйымдар және қолданбалы эконометрикадан тұрады.