Филип Эннс

Департамент
Тарих, философия және дінтану, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ғылыми жұмыс жөніндегі Вице-Декан
Кеңсе
8.204
Электр. пошта
philip.enns@nu.edu.kz

Доктор Филип Эннс ГӘҒМ-нің вице-деканы болып табылады. Ол гносеология, дін және демократия, сондай-ақ тіл философиясын үйретеді. Декан орынбасары болғанға дейін, доктор Эннс оқу ісі жөніндегі комитет және Мектептің оқу жоспарының төрағасы болды.

Доктор Эннстың зерттеулері гносеологиялық мәселелерді, адамдардың өмірінде қоршаған сенімнің және логиканың рөлін талқылайды. Ол бірнеше мақалаларды демократиялық мемлекеттердің қоғамдық дискурсияларындағы діни себептері туралы жазды. Ол сондай-ақ Кант, Виттгенштайн, Хабермас және Доналдь Дэвидсон сияқты философтардың жұмыстарымен қызығады. Жақында доктор Эннс әл-Фараби, Ибн Сина және әл-Ғазалидің еңбектеріне назар аударатын, ортағасырлық ислам философия саласындағы жұмыстарын жариялады.

Назарбаев Университетіне келер алдында, доктор Эннс төрт жыл бойы Индонезияның Джокьякарта қаласындағы мемлекеттік ислам университетінде философия пәнін үйретті. Ол онда жалғыз батыстан келген және исламды ұстанбайтын факультеттің мүшесі болды. Сондай-ақ доктор Эннс Нигерияда үш жыл сабақ берді.