Эльмира Оразалиева

Департамент
Қазақ тілі және түркітану кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Қауымдастырылған профессор
Электр. пошта
elmira.orazaliyeva@nu.edu.kz

Оразалиева Эльмира – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша түлегі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде лингвистика теориясы бойынша магистр дәрежесін алды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында «Қазақ тіл біліміндегі танымдық парадигма» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Эльмира Оразалиева Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша 2004-2007 жылдары аралығында диссертациялық кеңестің мүшесі болды. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды, содан кейін «Үш тілдік білім» (қазақ, ағылшын тілдері) бағдарламасының менеджері болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды, содан кейін 2014 жылы Мемлекеттік және шет тілдер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

Эльмира Оразалиева академиялық және кәсіптік жетістіктері үшін әртүрлі марапаттарға ие.

Зерттеу салалары – танымдық лингвистика, психолингвистика, социолингвистика, паралингвистика ,бейвербалды коммуникативтік дағдылар, сөйлеу мәдениеті, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ресми тіл, этнолингвистика, антропология және тіл.