Джозеф Конингс

Департамент
Экономика, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Профессор
Кеңсе
C3 6040
Электр. пошта
jozef.konings@nu.edu.kz

Джозеф Конингс 1994 жылы экономика ғылымдарының докторы дәрежесін Лондон экономика мектебінен алған болатын, ол Нобель сыйлығының лауреаты Кристофер Писсаридестің студенті болды. 2013 жылдың тамызында Конингс Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің экономика кафедрасына қосылды. Ол экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері (CEPR, Лондон) және Левен университетінің аймақтық экономикалық саясат орталығының (VIVES) директоры. Халықаралық валюта қорында, Дартмут колледжінде, Мичиган университетінде, Любляна университетінде және Нью-Йорк Федералдық резервтік банкінде келуші маман ретінде қызмет атқарған. 2008 жылдың қараша айынан 2010 жылдың наурыз айына дейін ол Еуропалық Комиссияда президент Баррозудың экономикалық кеңесшісі болды. 2005 мен 2008 жылдар аралығындағы кезеңде Конингс Левен университетінде Бизнес және экономика мектебінің деканы қызметін атқарды.

Конингстің зерттеулері «үлкен деректерді» талдауды қолдана отырып, халықаралық макроэкономика, фирма динамикасы және жаһандану тақырыптарын қамтиды. Конингс “American Economic Review”, “The Review of Economics and Statistics”, “The Journal of International Economics” және “the Economic Journal” сияқты жетекші академиялық журналдарда түрлі мақалаларын жариялады. Оның жетекшілігімен көптеген студенттер PhD дәрежесін алып, Принстон университеті, IESE Бизнес мектебі және LSE, немесе Еуропалық Орталық Банк пен ЭЫДҰ сияқты халықаралық институттарда жұмыс істейді.