Дженни Летинен

Департамент
Тілдер, лингвистика және әдебиеттер кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Кеңсе
8.217
Электр. пошта
jenni.lehtinen@nu.edu.kz
Телефон
5784

Д-р Дженни Летинен Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебіндегі «Әлемдік тілдер және әдебиет» кафедрасында профессордың ассистенті қызметін атқарады.

Д-р Летинен 2011 жылы Латын Америка әдебиеті саласы бойынша докторлық дәрежесін Оксфорд университетінің Вольфсон колледжінде алды. Сондай-ақ Дженнидің  Оксфорд университетінің Вадхэм колледжінде Еуропа әдебиеті бойынша алған магистр дәрежесі және Лондон университетінің Мэри Ханым (Queen Mary) колледжінде   алған ағылшын тілі мен  тарихы бойынша бакалавр дәрежесі бар. Назарбаев Университетіне келмес бұрын Оксфорд Университетінде сабақ берді және Эксетер университетінде оқытушы ретінде жұмыс істеді.

Финляндияда туылғанына қарамастан д-р Летинен Испания және  Ұлыбритания Біріккен корольдігінде өмірінің көп бөлігін өткізді. Ол ағылшын, испан, швед және фин тілдерінде еркін сөйлей алады. Дженни өзін бір елдің емес, бүкіл әлемнің азаматы ретінде санайды.

Д-р Летинен Латын Америкасы мен Кариб теңізіне қатысты барлық нәрселерге қызығушылық тудырады және оларды Назарбаев Университетінің студенттеріне әлемнің осы бөлігінің қызықты және әртүрлі мәдениетін таныстырғысы келеді. НУ-ға келгеннен кейін, д-р Летинен көптеген фильмдер мен теленовелалардан бейімдеу тапқан Галлегостың Дона Барбара (1929) атты романыны латын американдықтардың ұжымдық қиялында қалай өмір сүргенін зерттейтін монографиясын аяқтады. Жоба ХХ ғасырдың басында Венесуэланың ұлттық проблемалары жалпы алғанда Латын Америкасы аудиторияларымен қалай байланысатынын, уақыт пен орынға қарамастан пайда болған байланысын қарастырады.

Д-р Летинен көрнекі мәдениет дәуіріндегі канондық әдеби шығармалардың «кейінгі өміріне» ерекше көңіл бөледі. Оның зерттеу жұмысы кейінгі колониализм, ұлтшылдық, гендер және көрермендердің жауап теорияларын қамтиды. Ол 2017 жылы «Бирмингем Сити» университетінің «Экрантану» мамандығы бойынша марапат алды, ал жақында фантастикалық зерттеулер мен латино мәдениетіне қатысты тақырыптар бойынша жариялынымдар жасады.