Кёртис Мёрфи

Департамент
Тарих, философия және дінтану, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент профессор
Кеңсе
8.402
Электр. пошта
curtis.murphy@nu.edu.kz
Телефон
4709

Кёртис Мёрфи XVIII-XIX ғғ. Шығыс Орталық Еуропа туралы зерттеуі үшін Джорджтаун университетінен докторлық дәреже алды. Оның зерттеу жұмысы Шығыс Еуропалық ағартумен, империя түп мәтініндегі конфессияаралық және көпұлттық қатар өмір сүрумен, Жаңа заманға дейінгі қалалар тарихымен бірдейлікпен байланысты. Профессор Мёрфидің жариялауға әзірленген From Citizens to Subjects: City and State in Poland, Ukraine and Belarus at the Onset of the Modern Age атты кітабы XVIII ғасырдан бастап Ұлы реформаларға дейінгі бұрынғы Польша-Литва қала орталықтары  азаматтарының өмір тәжірибелеріне арналған. Кітап саяси тұжырымдамалар түсінігі мен реформаларға қарсы тұрған және алдарына өз материалдық және экономикалық жағдайын жақсартуды мақсат еткен азаматтар, жергілікті шенеуніктер мен белгілі қала иеленушілердің уәждемелерін түсіндіруге тырысады. Қала тұрғындарын прогресс идеяларын болжай алмайтын, артта қалған сословие ретінде санау туралы From Citizens to Subjects кітабы XIX ғасырдың басындағы азаматтар мен мемлекет арасындағы келіспеушілік бірін-бірі түсінбейтін саяси көзқарастардардан туындады деп дәйектейді. Сол көзқарастардың бірі – ағартушылық орталығы – нәтижесінде басымдылық танытып, келесі түсініктерді қолға алды.

Сонымен қатар, профессор Мёрфидің мақалалары “Slavic Review and Polin: Studies in Polish Jewry” журналында жарияланған. Ол қазір ресми ауыртпалық пен феодализм кезіндегі соттық үдерістерді сипаттайтын XVIII ғасырдағы жеке қалалар жайлы мақаласын жазу үстінде. Оның келесі жобасы космополиттік бірдейлік пен XIX ғасырдағы империялық қызметпен байланысты болады. Назарбаев Университетіне дейін профессор Мёрфи Аляска университетінде (Анкоридж), Колби колледжінде және Джорджтаун университетінде сабақ берді.