Клэр Гриффин

Департамент
Тарих, философия және дінтану, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент профессор
Кеңсе
8.402
Электр. пошта
clare.griffin@nu.edu.kz
Веб-сайт
http://www.claregriffin.org/

Клэр Гриффин зерттеу қызығушылықтары жаңа заманның ерте кезеңіндегі практикалық білім, тауар айырбасы мен тілдік аударма мәселелерін қамтитын зерттеу тарихшысы. Ол XVII ғасырдағы Ресей сарайының медициналық білім саласындағы аудару және ол бойынша тәжірибе алмасу жайлы диссертациясы үшін Лондон Колледж Университетінің Славян және шығыс-еуропалық зерттеулері мектебінен докторлық дәреже алды. Назарбаев Университетіне дейін Клэр Гриффин Берлиндегі Макс Планк тарих ғылымы институтында постдокторлық зерттеу стипендиясының және Кембридж университетіндегі Веллком Траст зерттеу стипендиясының иегері болды. Сонымен қатар Клэр Қазіргі заманға дейінгі Шығыс Еуропаның тарихына байланысты H-EarlySlavic академиялық дискуссиялық тізімінің редакторы.

Қазіргі кезде Клэр дәрі-дәрмек мәселесі мысалында тауар қиылысы сызықтары бойынша білім алмасуды қарастыратын Dangerous Drugs: The Globalisation of Early Modern Russian Medicine атты өзінің алғашқы монографиясын аяқтауда. Автор XVI мен XVIII орта ғасыр кезеңдеріндегі Мәскеуді Батыс Еуропамен, Азиямен және Америкамен байланыстырған сауда тораптарымен дәрі-дәрмек тасымалдау; табиғи заттарды дәрілік заттарға трансформациялау мен рецептураны ең бастысы неміс, латын және орыс тілдеріне аудару мәселелерін қарастырады. Ерте заман кезеңінде дәрі-дәрмекпен саудадағы Ресейге қатысты пионерлік зерттеу бойынша Московия Жаңа заманының алғашқы кезеңі жаһандық тарихтың ажырамайтын бөлігі болып табылады деген тұжырым жасады. Кітап Веллком Траст пен Макс Планк тарих ғылымы институтының қаржыландыру көмегімен жазылған.