Чарльз Салливан

Департамент
Саясаттану және xалықаралық қатынастар, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Электр. пошта
charles.sullivan@nu.edu.kz

Чарльз Дж. Салливан Назарбаев Университетіндегі Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасында ассистент профессор болып жұмыс істейді. Доктор Салливан саясаттану саласындағы философия докторы дәрежесін Вашингтондағы Джордж Вашингтон Университетінде (2014) алды. Назарбаев Университетіне дейін ол Фэрфакстағы (Виргиния) Джордж Мейсон Университетінде дәріс оқыды.

Доктор Салливан компаративист болып табылады және Кеңес Одағының бұрынғы мемлекеттері мен Оралық Азия/Афганистан саясатында маманданады. Доктор Салливанның ғылыми қызығушылықтары Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін, мемлекеттің құлауы мен құрылуын, энергетикалық саясатты, көтеріліс пен соғысты, орыс саясаты мен сыртқы істерді, сондай-ақ тәуелсіздік алған сәтінен бастап Орталық Азиядағы АҚШ-тың сыртқы саясатын қамтиды.

Доктор Салливан Назарбаев Университетінде салыстырмалы саясат, Орталық Азиядағы саясат, Ресейдегі саясат және саясаттағы озбырлық курстарынан сабақ береді.