Бақыт Ақбұзауова
Бақыт Ақбұзауова 1985 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік дипломмен бітірген. Кандидаттық диссертациясын 2006 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қорғаған.
Б. Ақбұзауова 1990-2012 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, 2012-2013 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттерінде доцент қызметін атқарған.
«ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» белгісінің иегері (2008 ж.). ЖОО-дағы еңбек өтілі –27 жыл.
1985-90 жылдары редакторлық және аударма жұмыстарымен айналысқан. Көркем аудармалары «Ы.Алтынсарин тағылымы», «Тау толғауы», «Азия, Африка жазушыларының әңгімелері» және «Қызыл алма» атты жинақтарға енген (1985-1990 жж).
2013 жылдан бері Назарбаев университеті «Қазақ тілі және түркітану» кафедрасында қызмет етеді. «Қазақ тілі», «Аударма техникасы», «Қазақ тілінің ғылыми стилі» пәндерінен сабақ береді.