Асем Дуйсембекова

Департамент
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі, Биология, National Laboratory Astana, Laboratory of bioinformatics and computational systems biology, Immunobiology Laboratory
Лауазымы
Нұсқаушы
Кеңсе
7510
Электр. пошта
aduisembekova@nu.edu.kz
Телефон
+77172709112
Веб-сайт
https://www.researchgate.net/profile/Assem_Duisembekova

Білімі:

2016: Магистратура, Биология – École normale supérieure de Lyon (Франция)

2011: Бакалавриат, Биотехнология – Манчестер университеті (Ұлыбритания)

Жұмыс тәжірибесі:

2011 жылы Назарбаев Университетінің Ғылым және Технология факультетінің биология кафедрасында мұғалімнің көмекшісі ретінде қызметімді бастадым. Кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араластым. Доктор Чарльз Гилманның альтернативті модельдік ағзамен, Danio rerio балығымен, гипоксиялық-ишемиялық мидың зақымдануын зерттеуге арналған зерттеу жобасына қатыстым. Сондай-ақ, доктор Кен Әлібектің жетекшілігімен ісік ауруларының дамуында патогендердің рөлі туралы мақалалардың бірлескен авторы болдым.

2014 жылы ”Ampère Excellence” стипендиясының иегері болып, Лион қаласының ENS de Lyon жоғары оқу орнында магистратура бағдарламасы бойынша білім алдым. Бұл бағдарлама аясында әртүрлі ғылыми-зерттеу институттарында өсімдіктердің дамуы (Arapidopsis thaliana ұрығындағы гиббереллин атты қышқылды реттеуге арналған механикалық сезімтал геннің (ELA1) ролі; Арабидопсистегі филлотаксисті реттеудегі “Vernalization Independence3” ақуызының рөлі) және адамның Т-клеткалық лейкоз вирусының жасушадағы мРНҚ-ның керек кездегі дұрыс ыдырамауына кедергі жасау процестерін зерттедім.

2017 жылы магистр дәрежесін алғаннан кейін Назарбаев Университетінің Ғылым және Технологиялар мектебінде биология кафедрасында нұсқаушы лауазымына тағайындалдым.

Ғылыми қызығушылықтары:

Өсімдіктердің дамуы, вирустық инфекциялар мен ісік ауруларының дамуы, биохимия, молекулалық биология.