Антон Ким

Департамент
Экономика, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент-профессор
Кеңсе
8.407
Электр. пошта
anton.kim@nu.edu.kz

Антон Ким – Назарбаев Университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде экономика кафедрасының ассистент профессоры. Ол 2014 жылы Вайоминг университетінде экономика ғылымдарының доктор дәрежесін алды. Оның мамандануы микроэкономикалық теория мен эксперименталды экономикадан тұрады. Ол Вайоминг университетінде магистратура мен бакалавриат студенттеріне, сондай-ақ Болжау және макроэкономикалық зерттеулер институтында магистратура студенттеріне курстар жүргізген болатын. Бұдан басқа, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму жобасының статистикалық кеңес беруші ретінде бірнеше мәрте қызмет көрсеткен.

Доктор Кимнің қазіргі зерттеулері таза емес қоғамдық игіліктердің топтық игіліктер деп аталатын жаңа класына тоқталады. Оның жұмыстары тепе-теңдік пен топтық игіліктер нарығының әл-ауқаттық қасиеттерін анықтайды, икемдірек антимонополиялық саясатқа шақырады, сонымен қатар, экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізудің жаңа жолын ұсынады. Доктордың зерттеу бағдарламасына топтық игіліктердің төзімділігінің тұтынушы қажеттіліктері ортасына қалай бейімделгендігінен тәуелді екендігін анықтау, тұтынушылар топтануын модельдеу, сондай-ақ, шартты бағалау ғылымдарындағы жалған түсінік қатынасы мен әлсіреуін эксперименттік тестілеу кіреді.

Доктор Ким экономика, каржы және статистика салаларында тәлім беріп, Микроэкономика негіздері, Басқару экономикасы, Қаржы нарығы мен институттары, Статистика негіздері, Мезгілдік қатарлар анализі (магистрлік курс) және Қолданбалы көпөлшемді анализ (магистрлік курс) секілді курстарды жүргізу тәжірибесі бар.