Айдар Балабеков

Департамент
Қазақ тілі және түркітану кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Нұсқаушы
Электр. пошта
aidar.balabekov@nu.edu.kz
Телефон
+7(7172)694920

А.Қ. Балабеков ­- қазақ тілін өзге тілді аудиторияда үйретіп жүрген кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі жоғары маман. Өз ұстаздық жолын 2001 жылы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта бастады. Жұмыс өтілінде Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, КИМЭП университеттерінде, Хэлибери Астана халықаралық мектебінде қазақ тілінен сабақ берген.

Ұстаздық жолымен қатар тілі білімі және тілді оқыту мәселелерін зерттеуге қатысты түрлі біліктілікті арттыру курстарына қатысып қана қоймай, сонымен қатар жеке курстар өткізіп келеді.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесі ретінде бірнеше ғылыми-зерттеу мақалаларды және Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытуға арналған оқулықтарды жарыққа шығарған. Сондай-ақ, жасаған еңбектері үшін қалалық білім басқармасы, қалалық тіл басқармалары тарапынан түрлі грамоталармен марапаталған.

Зерттеу саласы: Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту