Алекс Мильцов

Департамент
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі, Әлеуметтану және антропология
Лауазымы
Нұсқаушы
Электр. пошта
alexandre.miltsov@nu.edu.kz
Телефон
+7(7172)694742

Александр Мильцов (PhD, McGill) жұмыс және мамандық феномені, , әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары,  ауытқулар мен криминология, сондай-ақ сандық  зерттеу әдістері саласында мамандандырылған әлеуметтанушы . Оның ең ауқымды зерттеу мақсаты – цифрлық технологиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық және мәдени әсерін сыни тұрғыдан зерттеу. Оның зерттеулері SSHRC стипендиясы тарапынан  қолдау алды.

Алекстің  жұмысы бірнеше салаларды зерттейді. Біріншіден, ол цифрлық технологияларды жұмыс барысына ықпал ету, уақытты дұрыс бөлу мен  «құлдырауға» жол бермеу арқылы пайдалануды қарастырады. Ұлтаралық талқылаулар мен тереңдетілген сұхбаттасуларды  біріктіре отырып, ол жұмыс орнын цифрлау   барысының қызметкерлердің тәжірибесі мен өзара іс-қимылдарына, олардың жеке және қоғамдық өміріне, сондай-ақ жұмыс/жеке өмір арасындағы теңгерімге тигізетін ықпалын   талдайды.

Оның зерттеулерінің екінші саласы маңызды қылмыстық істер бойынша өкім шығару кезіндегі   факторларды қарастыратын сандық жобаларды  қамтиды.  Осы  зерттеулер үшін Алекс АҚШ-тағы түрлі әлеуметтік-демографиялық топтар үшін өкім шығарудың нәтижелерін талдау кезінде түрлі библиографиялық, өңірлік және тұжырымдамалық факторларды бақылауға мүмкіндік беретін деректердің бірігей жинағын жасады.

Зерттеулердің үшінші саласы  баспа және цифрлық БАҚ-та адамдардың жынысы мен нәсіліне қарай олардың түсінігінің көлемі мен әсері туралы  Big Data жобасын қамтиды. Осы зерттеудің нәтижесінде ол баспа жаңалықтарында әйелдердің тұрақты түрде қанағаттанарлықсыз түсініктеріне түсініктеме беретін жеке және құрылымдық факторлар туралы мақаланың бірлескен авторы болып танылды. Осы мақала 2015 жылы American Sociological Review-те жарияланды және   2017 жылы CITAMS Best Paper Award сыйлығын жеңіп алды.